Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «Үздік бастауыш партия ұйымы» жүлдегері марапатталды

«Үздік бастауыш партия ұйымы» жүлдегері марапатталды

Жақында  аудан әкімдігінің мәжіліс залында партиялық актив отырысы өткізілді. Актив отырысына «Nur Otan» партиясы Сырдария аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Р.Рүстемов, партия филиалының барлық бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, аудандық мәслихат депутаттары, партия филиалының Саяси кеңесінің мүшелері, кент, ауыл әкімдері және бөлім басшылары қатысты.
Актив жиынының алғы өзін алған аудандық партия филиалының төрағасы, аудан әкімі Р.Рүстемов Елбасының қатысуымен Нұр-Сұлтан қаласында партия филиалдары өкілдерімен кездесуі өткендігін айты. Сонымен қатар Нұрсұлтан Әбішұлы өңірлерді дамыту бағдарламаларын жетілдірумен қатар, партияның жергілікті жерлердегі жұмыс тиімділігін одан әрі арттырудың негізгі бағыттарын да айқындағанын атап өтті.
Аталмыш жиында «Nur Otan» партиясы Сырдария аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Жақып аудандық партия филиалының атқарған жұмыстары жайында баяндама жасады. Жиынды қорытындылаған «Nur Otan» партиясы Сырдария аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Р.Рүстемов партия жұмысын одан әрі жандандыру мақсатында алда атқарылатын жұмыстарды жауапты жетекшілерге тапсырды.
Жиын соңында «Үздік бастауыш партия ұйымы» байқауының ІІ кезеңі бойынша І санат бойынша облыстан жүлделі ІІІ орын алған аудандық партия филиалының «Тоқтыбаев» бастауыш партия ұйымына сертификат және сыйлық тапсырды.
02 желтоқсан 2019 ж. 567 0