Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚҰҚЫҚТЫҚ ОҚЫТУ

ҚҰҚЫҚТЫҚ ОҚЫТУ

Құқықтық оқыту барысында аудандық мәслихат аппаратының заңгері Гүлнаш Еспенбетова депутаттарға арналған заңнамалық лекцияны оқыды. Мұнда «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 заңы бойынша мәліметтер келтірілді. Құқықтық оқытуда заңмен белгіленген «Мәслихат депутатының өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезіндегі құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі», «Депутаттық сауалдар» туралы, сонымен қатар осы заңды басшылыққа алып әзірленіп, бекітілген Сырдария аудандық мәслихатының регламентінің алты бөлімі «Депутаттық этика» жайлы баяндалды. Халық қалаулыларының құқықтық норманы сақтап, заңға тиісті деңгейде бағыну керектігі айтылған. Депуттардың құқықтары мен міндеттері сараланған. Осылайша құқықтық оқытуда аудан депутаттары халықпен жұмыс жасауда нені ескеру керектігі ескертілді. Жауаптылық тұрғыдан маңыздылықтарына айрықша мән берілді.
Сырдария аудандық мәслихат аппаратының бөлім басшысы Сталбек Тобағұлов алдағы уақытта мәслихат депутаттарының ел халқына есеп беру кестесімен, жұмыс жүргізу барысымен таныстырды.
Аудандық мәслихат хатшысы Ержан Ертарғынұлы мәслихат депутаттарына құқықтық тұрғыдан қызмет етуге кеңес берді. Алдағы есеп беру жұмыстарына ыждағаттылық керектігін айтты.

Б.ОРДАБЕКОВ
23 қараша 2017 ж. 2 159 1

Гость JeaOrer от 6 ақпан 2019 18:16
Compra Cialis Online Senza Ricetta Medica cialis Accutane Online Fast Deliverey Cephalexin 500mg For Pets Generic Prednisone For Dogs viagra prescription Levitra Vardenafil Doxazosin No Prescription Ciprobay Bayer Cialis 5mg Price Cvs For Sale Macrobid Low Price cheap 80 mg vardenafil hcl Discount Real Elocon Buying In Germany Louer Levitra Generique Viagra Salud Total Stendra In Canada Website With Doctor Consult Discount Generic Elocon Worldwide Drugs No Script Needed viagra prescription Generico Levitra Online Italia