«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ СЫРДАРИЯ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ XХІV КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ
Конференцияға облыстық мәслихат депутаты Р.Есенов, аудандық партия филиалы Саяси кеңесінің мүшелері, бастауыш партия ұйымының төрағалары, конференция делегаттары, аудандық маслихат депутаттары, «Жас Отан» ЖҚ мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты.
Аудандық партия филиалы конференциясын аудан әкімі, «Нұр Отан» партиясы Сырдария аудандық филиалы төрағасы Ғ.Қазантаев ашып, жүргізіп отырды.
«Нұр Отан» партиясы мемлекетіміздің бірлігі мен тұрақты дамуын қолдайтын Елбасымыздың сенімді тірегі екенін айтқан аудан басшысы жетекші партия өзінің басты мақсаты ретінде халықтың әл-ауқатын арттыруды белгілегенін атап өтті. Сонымен қатар, аудан жетістіктеріне тоқталып, бағындырған белестерде «Нұр Отан» партиясының айрықша үлесі бар екенін жеткізді.
Конференция барысында «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығы». Жасампаздық және әлеуметтік даму кезеңі», ҚР Президентінің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауын іске асыру барысы туралы, «Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі Бағдарламасы жобасының негізгі ережелері, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының конференциясына делегаттар сайлау тақырыптарында "Нұр Отан" партиясы Сырдария аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Жақып және «Нұр Отан» партиясы Сырдария аудандық филиалының кеңесшісі Б.Ахметов баяндама жасады.
Конференцияның күн тәртібіндегі барлық мәселелер толық қаралып, қаулы қабылданды. Жиын соңында жаңадан партия қатарына қабылданушыларға партиялық билеттер және партия белсенділеріне "Алғыс хат" табысталды.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.