Оттегі концентраторы жеткізілді

Аталған аппаратты аудандық ауруханаға Әріп Қожбановтың ұлы Азамат Қожбанов жеткізіп, медицина қызметкерлеріне тапсырды. Ә.Қожбановтың елге деген ыстық ықыласын жеткізіп, оттегі аппаратының науқастар еміне септігін тигізетінін айтты.
Өз кезегінде медицина қызметкерлері өнегелі отбасының игілікті ісіне ризашылығын білдіріп, бақ-береке тіледі.
Аудандық ауруханаға жеткізілген оттегі аппаратының құны 580 мың теңгені құрайды. Бұл медициналық құрылғы 2 науқасты емдеуге арналған.
Сырдариялықтардың емделуіне үлес қосқан жанашыр азаматтың отбасына алғыс білдіреміз!