Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ОРТАҚ МҮДДЕ ЖОЛЫНДАҒЫ ҮНДЕСТІК

ОРТАҚ МҮДДЕ ЖОЛЫНДАҒЫ ҮНДЕСТІК

Бұрнағы күні «Nur Otan» партиясы Сырдария аудандық филиалы жанындағы «РБ Тереңөзек» бастауыш партия ұйымында жиналыс өткізілді. Оған “Nur Otan” партиясы Қызылорда облыстық филиалының Саяси жұмыстар бөлімінің меңгерушісі А.Жарылқасынов аудандық мәслихаттағы “Nur Otan” партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі, «Тереңөзек» бастауыш партия ұйымының төрағасы Ж.Ембергенов және партия мүшелері қатысты.
Жиынды “Nur Otan” партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Жақып ашып, қазіргі таңдағы «Nur Otan» партиясының қазіргі бағыт-бағдарын түсіндіре кетіп, ауқымды жұмыстар легіне тоқталды. Аудандағы партия жұмысының негізгі міндеттерін тізбектеп, айқын мақсатқа бағытталған жұмыс жүргізу тетігін қарастырды. Бұдан кейін сөз алған А.Жарылқасынов қазіргі таңда облыс бойынша атқарылып жатқан мақсат-міндеттерді түсіндірді. Атап айтқанда облыс бойынша бастауыш партия ұйымдарының жұмысын жетілдіруге жағдай жасалатынын жеткізді. Сонымен қатар, ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға байланысты нақты жұмыс бағдары айтылып, ұсыныс-пікір тындалды.
Шара соңында белсенді партия мүшелеріне “Nur Otan” партиясының 20 жылдығына орай, облыстық партия филиалының алғыс хаты табысталды. Тағы да айта кететін жәйт, аталған жиын “Nur Otan” партиясы Сырдария аудандық филиалы жанындағы «Нағи Ілиясов» бастауыш партия ұйымында жалғасын тапты.

Б.ОРДАБЕКОВ

29 маусым 2019 ж. 1 041 0