Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Стоп-трафик шарасы өтуде

Стоп-трафик шарасы өтуде

Адамның құқығын еркінен тыс таптау немесе заңсыз еңбекке тарту қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соғады. Сондықтан жыл сайын аудандық полиция бөлімі бұл бағытта нақты жұмыстар атқаруда. Бүгінде құқық қорғау саласының мамандарының қатысуымен «Стоп – трафик» іс шарасы өткізілуде.
Іс-шара бірнеше бағытты қамтиды. Оның ішінде полиция қызметкерлері кәмелеттік жасқа толмағандарды заңсыз еңбекке тартуға тыйым салуға ерекше басымдық бермек. Сондай-ақ қайыр сұрау және ұрлау, бөтеннің мүлкіне зиян тигізу фактілерін болдырмау басты назарда. Мұнан бөлек адамдарды күштеп ұстау қылмыстарын болдырмау мен алдын алу үшін нақты жоспар құрылған және тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері білім беру ұйымдары мен фазендаларды аралап, бақылауға алған. Осы ретте тәртіп сақшылары аудан тұрғындарына қандай да бір күмәнді оқиға жөнінде хабардар болса, тәуліктің кез келген уақытында 102 нөміріне хабар беруді сұрайды. Бұл қылмыстың ашылуына көп септігін тигізері сөзсіз және адам өмірін сақтаудың да төте жолы.
Түптеп келгенде, адам саудасымен айналысу – ауыр қылмыс. Бейбіт заманда біреуге қысым көрсету, күштеп ұстау заңмен қудаланады. Сол себепті ешкімнің құқын таптауға болмайды. Заң – баршаға ортақ.

Майя ҚОЖАБАЙ 


16 маусым 2020 ж. 753 0