ҚР ІІМ-нің 18.01.2018 жылғы №178 бұйрығымен бекітілген 2018 жылға арналған операциялық жоспардың 93-тармағы негізінде, Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Сырдария аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған, қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түрлеріне сотталғандар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтармен қайта қылмыстың алдын алу, сондай-ақ іздеу жарияланған сотталғандардың тұрғылықты жерін аныктау мақсатында 2018 жылдың қыркүйек айының 10 мен 21 аралығында, Сырдария аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметі мен Сырдария аудандық пробация қызметі бірлескен
«Альтернативник» республикалық профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Бұл іс-шараның басты мақсаты Пробация қызметі есебінде тұрған қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түрлеріне сотталғандардың жаза өтеп жүріп, пробация қызметі бақылауынан жалтаруының, құқық бұзушылық пен қайта қылмыс жасауының алдын алу және сотталғандармен тәрбиелік жұмыстар жүргізіп, оларға өз құқықтарымен жауапкершіліктерін түсіндіру мақсатында жүргізіліп отыр. Іс-шара барысында сотталғандардың тұрғылықты мекен-жайларынан ҚР ІІМ-нің 2014 жылғы 18 тамыздағы №517 бұйрығы негізінде, учаскелік полиция қызметкерлерімен бірлесіп сотталғандардың ата-аналары, жақын туыстары сонымен қатар оның мінез құлқына оң ықпал ете алатын жора жолдастарымен профилактикалық әңгімелер жүргізілуде. Бүгінде бұл іс-шараның жүргізілуіне Сырдария аудандық ішкі істер бөлімінен 10 учаскелік полиция қызметкерлері және криминалды полиция бөлімі қызметкерлері мен пробация қызметінің инспекторлары бірігіп, сотталғандар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыстар атқаруда. Осы іс-шара есептегі азаматтарды дұрыс жолға салып, олардың қоғамға деген оң көзқарасын қалыптастыруда оң ықпалы болады деген сенімдеміз.
А.БАҒДӘУЛЕТОВ ,
Сырдария аудандық пробация
қызметінің инспекторы
әділет лейтенанты