Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

№14 газет

21 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » "Учаске" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

"Учаске" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

Аудан бойынша қоғамдық тәртіпті сақтау, қоғамдық орында қылмысты болдырмау, есірткі қылмысын, мал ұрлығын, заңсыз аңшылықты, балық аулауды анықтау, жол-көлік оқиғаларын алдын алу мен жол қозғалысын қадағалау, бұрын сотты болғандармен қылмыс жасаудың алдын алуда профилактикалық және тізімдік есепте тұрғандарды мекен жайынан тексеру мақсатында осы жылдың 2-15 маусым аралығында "Учаске" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Арнайы іс-шара өткізу барысында полиция бөлімінің жеке құрамы қойылған міндеттерді орындау үшін жұмылдырылды.
Жедел-профилактикалық іс-шара кезінде патруль ұйымдастырылып, базар, сауда орынында, вокзалда бопсалаумен, қалта ұрлығымен айналысатындарды анықтап, қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Сонымен қатар тоқтап тұрған құрылыс, тасталған объектілер, шатырлар, жертөлелер, кәріз шұңқырлары тексеріледі. Қару-жарақтың, оқ-дәрілердің және басқа да тыйым салынған заттардың заңсыз айналымы фактілері анықталып, шұғыл шаралар көріледі.

Полиция бөлімінің жеке құрамы жұмылдыралытн іс-шара кезінде ұрланған және айдап әкетілетін автокөліктерді анықтау мақсатында гараждар, автокөлік тұрақтарына тексеру жүргізіледі. Көші-қон заңдылығына сәйкес еліміздегі болу ережесін бұзған, елден шығару туралы сот шешімін орындамаған шетелдіктерді, сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін тарту ережесін бұзушы жұмыс берушілер анықталады.

Жол қозғалысына қатысты жолда жүру ережесін өрескел бұзушыларды жауапкершілікте тарту мәселесі қатаң қадағаланады.

"Учаске" жедел-профилактикалық іс-шара кезінде жеке құрамның заңдылықты қатаң сақтауы, азаматтармен сыпайы қарым-қатынас жасауы бақылауға алынып, күнделікті есеп жүргізіледі.

Ербол ЖАНАЛИЕВ,
аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары,
полиция майоры


04 маусым 2020 ж. 1 310 0