Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС – МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ

ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС – МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ

– Терроризм туралы білумен қатар, оның саяси – әлеуметтік құбылыс ретінде кез келген уақытта орын алып жататыны белгілі. Сіз терроризмге қандай сипаттама бересіз?
- Терроризм – бейбіт адамдар мен түрлі нысандарға қарсы саяси мақсатты көздеген түрлі топтар мен астыртын әрекет ететін агенттердің қоғамның көңіл-күйіне ықпал ету ойымен күш қолдануы деп анықтама берілген. Сондықтан мұның табиғаты күрделі, тарихы тереңде жатқан құбылыс деп түсінуге толық негіз бар.
– Сұхбаттың мақсаты террористік тұрғыдан осал объектілердің қорғалуын қамтамасыз ету қажеттілігі болғандықтан тақырыпқа келсек...
– Террористік тұрғыдан осал объектілер дегеніміз – аса маңызды мемлекеттік, стратегиялық объектілер және стратегиялық маңызы бар экономика салаларының объектілері, қауіпті өндірістік объектілер, адамдар көп жиналатын объектілер.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» № 416-I Заңының 10-3-бабында көрсетілгендей, меншік нысанына қарамастан, террористік тұрғыдан осал объектілердің меншік иелері, иеленушілері, басшылары немесе өзге де лауазымды адамдары террористік әрекеттің алдын алу, сондай-ақ объектілерді терроризмнен қорғау және олардың қауіпсіздігін тиісті деңгейде сақтау мақсатында:
- тиісті өткізу режимін, объектілерге қойылатын талаптарға сәйкес оларды қазіргі заманғы инженерлік-техникалық күзет жабдықтарымен жарақтауды қамтамасыз ету;
- үлгілік паспорттың негізінде – өздеріне сеніп тапсырылған объектілердің терроризмге қарсы қорғалуы паспортын әзірлеу;
- персоналды үй-жайларды қарап тексеру техникасына үйрету, жарғыш құрылғылардың орнатылуы мүмкін орындарды анықтау бойынша профилактикалық және оқу-жаттығу іс-шараларын өткізу;
- жасалған терроризм актісінің салдарынан туындаған техногендік сипаттағы қатерлерді жою бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлескен іс-қимылдарды жоспарлау мен пысықтау;
- объектінің ақпараттық желілерін қорғауды, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды іске асыруға міндетті.
– Терроризмге қарсы іс-қимылдың қағидаттары мен мақсаттары қандай?
– Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» № 416-I Заңының 3-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы іс-қимыл мынадай негізгі:
1) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау, террористiк қылмыстарды жасау салдарынан қауiп төнген адамдардың өмiрi мен денсаулығын, құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау басымдығы; 2) заңдылықты сақтау; 2-1) терроризмге қарсы іс-қимыл шараларының террористік қауіп дәрежесіне мөлшерлес болуы; 3) терроризмнің алдын алуға басымдық беру; 4) террористік iс-әрекеттi жүзеге асырғаны үшiн жазаның болмай қалмайтындығы; 5) терроризмге қарсы іс-қимылдың саяси, ақпараттық-насихаттық, әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, арнайы және өзге де шараларының жүйелі болуы және оларды кешенді пайдалану; 6) терроризмге қарсы операцияларды жүргiзу кезiнде тартылатын күштер мен құралдарға жедел басшылық жасауда дара басқару; 7) терроризмге қарсы іс-қимылдың жария және жария емес әдістерінің ұштасуы; 8) терроризмге қарсы операциялардың тактикасы, нысандары, әдістері, құралдары және қатысушыларының құрамы туралы мәліметтерге шектеулі қолжетімділікті қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді.
2. Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы іс-қимылдың мақсаты жеке адамды, қоғамды және мемлекетті терроризмнен қорғау болып табылады.
– Террористік тұрғыдан осал объектілерге қандай орындар жатады?
– Террористік тұрғыдан осал объектілерге, яғни, адамдар көп жиналатын объектілер қатарына – сауда алаңы 500 және одан да көп шаршы метр болатын сауда объектілері, 100 және одан да көп отыратын орны бар қоғамдық тамақтану объектілері; көп адамдардың келуіне арналған немесе дайындалған, бір мезгілде 200 және одан да көп адамның болу мүмкіндігі бар, өздеріне жапсарлас ашық аумақты қоса алғанда, концерт залдары, спорт, ойын-сауық, көлік және өзге де көпшілік ғимараттары, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдары, туристерді орналастыру орындары жатады.
– Әңгімеңізге рахмет!

Сұқбаттасқан Б.Жанәлі
20 қараша 2017 ж. 7 851 0