Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№73 газет

26 қыркүйек 2026 ж.

№72 газет

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 газет

19 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Қоғамдық қабылдауда тұрғындар ұсынысы тыңдалды

Қоғамдық қабылдауда тұрғындар ұсынысы тыңдалды

Жақында Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Дархан Жазықбаев «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдау өткізді.
Қоғамдық қабылдау бөліміне 8 азамат өтініш білдірген болатын.
Қабылдауға келгендердің ішінде Нұр-Сұлтан қаласы және бейнеконференция байланыс арқылы қосылған Алматы қаласы, Павлодар облысының тұрғындары болды. Олар өз сұрақтарын Агенттік төрағасының орынбасарына қоя алды.
Әр түрлі сипаттағы шағымдар түсті.  Олардың қатарына жергілікті атқарушы органдардың әрекеттеріне, сот шешімдерінің орындалмауы және сот орындаушыларының әрекетсіздігіне, қылмыстық істің нәтижесімен келіспеу және т.б. кірді.
Барлық қойылған сұрақтарға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында түсіндірме берілді.

"ТТ"-ақпарат

19 қаңтар 2020 ж. 730 0