Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 10 газет

07 ақпан 2026 ж.

№9 газет

03 ақпан 2026 ж.

№ 8 газет

31 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗІЛДІ

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗІЛДІ


Жақында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасарлары Б.Байхожаев пен Е.Қарымсақовтың жетекшілігімен қоғамдық қабылдау өткізілді. Қоғамдық қабылдауға «Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының партиялық бақылау қызметінің инспекторы А.Ысқақова, облыстық партия филиалының партиялық бақылау инспекторы Қ.Жарекеев, Қызылорда облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Б.Ідірісов қатысты.
Қабылдауға келген тұрғындардың өтініштері кәсіп ашу, жұмыспен қамту және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің кейбір мәселелеріне арналды. Арнайы тұрғындар тарапынан келіп түскен сауалдарға жан-жақты заңдық тұрғыдан жауаптар берілді. Сондай-ақ, тұрғындардың өтініштері назарға алынып, тиісті сала мамандарына заң аясында шешілуіне ықпал жасалуын тапсырды.

«Тт»-ақпарат
22 ақпан 2018 ж. 1 289 0