ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗІЛДІ

Қабылдауға аудандық мәслихат хатшысы Е.Әжікенов, аудандық мәслихат депутаты, аудандық мәслихаттағы "NUR OTAN" партиясы фракциясының жетекшісі Ж.Ембергенов Тереңөзек кенті әкімі Н.Бисембаев аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Жақып қатысты.
Қабылдау барысында жұмыссыздық, әлеуметтік қамтамасыз ету, тұрғын үймен қамту, денсаулық сақтау саласына байланысты мәселелер қабылдауға келушілер тарапынан көтерілді. Барлық мәселелер назарға алынып, жауапсыз қалмайтындығы жөнінде заңдық кеңестер берілді. Сондай-ақ, облыстық, аудандық мәслихат депутаттары тарапынан жұмыспен қамту, әлеуметтік мәселелер оң шешімін тапты.