Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№97 газет

20 желтоқсан 2025 ж.

№96 газет

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Аймақ басшысының тапсырмасы уақытылы орындалуда

Аймақ басшысының тапсырмасы уақытылы орындалуда

Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов Фейсбук әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасы арқылы баға тұрақтылығын қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар беріп келеді. Аталған тапсырма Сырдария ауданында жүйелі орындалуда.

Халықтың көңіл-күйіне әсер ететін факторлардың бірі – баға тұрақтылығы. Сырдария ауданы бойынша әлеуметтік маңызды тауарлардың бағасын тұрақтандыру, азық-түлік тауарлар бағаларының өсуін болдырмау үшін нақты жұмыстар жүргізілуде. Көтерме сауда орындарынан алған негізгі азық-түліктердің бағасын аудан тұрғындарына бөлшек сауда жасау барысында 5 проценттік үстемеден асырмау жөнінде 82 сауда нүктесімен меморандумдарға қол қойылған. Сонымен қатар аудан және облыс орталықтарында 4 рет жәрмеңке өткізіліп, базар бағасынан 15-20 % төмен бағамен 65 млн теңге көлемінде 545 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері сатылған.

Осы ретте аймақ басшысының тапсырмасы уақытылы орындалуда деп айтуға толық негіз бар. Аграрлы ауданда баға тұрақтылығын қамтамасыз ету бағытында жүргізілетін жұмыстар нақты жалғасын табатын болады. Бұл мәселе жергілікті атқарушы биліктің жіті назарында.
15 қаңтар 2020 ж. 875 0