Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » БАҒА ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ НАЗАРДА

БАҒА ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ НАЗАРДА


Бүгінгі таңда елімізде азық-түлік өндірісін дамыту және оның қауіпсіздігі мен қолжетімділігін қамтамасыз ету өзекті мәселе. Осы орайда Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында айтылған агросекторды дамыту жайы да үлкен маңызға ие.
Ал нарық заманында, экономиканың қарқын алған дәуірінде асыраушы саланы дамыту арқылы халықтың әл-ауқатын көтеру де күн тәртібінде. Алайда халық күнделікті тұтынатын түрлі тағам түрлері мен көкөністер және өзге де өнімдердің бағасы кейде төмендеп, кейде күрт өсіп кетіп жатады. Сондықтан да ел арасында түрлі пікірлер қалыптасып, баға тұрақтылығына қатысты әртүрлі әңгімелер айтылады. Дегенмен мамандар баға тұрақтылығына қатысты өз уәждерімен бөлісуге әрдайым дайын. Әдеттегідей жыл басында ел ауызында азық-түлік бағасы өсетіндігі туралы жиі айтылады. Еңбекақы мен зейнетақының өсуімен азық-түлік тауарларының бағасы да өседі деген тұрғындардың болжамы да бар. Дегенмен нақты цифрлар мұндай деректі жоққа шығарып отыр. Бүгінгі таңда ауданның бірқатар сауда нүктелерінде де баға тұрақтылығы жауапты бөлім тарапынан басты назарға алынған.
Негізгі азық-түлік бағаларына тұрақты талдау жүргізу мақсатында аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі әлеуметтік маңызға ие өнімдердің бағасына мониторинг жасайды. Нәтижесінде бүгінгі күнгі мәліметті қарап, жыл соңында болған баға еш өзгермегенін байқауға болады. Барлығы 19 түрлі азық-түлік тауары баға тұрақтылығын сақтаған. Атап айтар болсақ, күріш 1 кг – 160тг, ұн 1 кг – 95 тг, нан 1 данасы – 55 тг, рожки 1 кг – 120 тг, сиыр еті 1 кг – 1400 тг, тауық еті 1 кг – 650 тг, сүт 1 литрі майлылығы 2,5 пайыз – 200тг, айран майлылығы 2,5 пайыз – 200 тг, ірімшік майлылығы 5-9 пайыз 1 кг – 600 тг, жұмыртқа 10 данасы – 280 тг, сары май 1 кг – 1200 тг, шемішке май 1 литрі – 330 тг, қант 1 кг – 240 тг, тұз 1 кг – 40 тг тұрақтаған. Бұл ретте жұмыртқа бағасы ған жыл соңында 10 данасы 260 теңгеден 280 теңгеге өскені айта кеткен жөн. Сондай-ақ көкөністердің бағасына назар салсаңыз қырықабат 1 келісі 95 теңгеден 110 тг өссе, пияз 1 кг – 60 тг, сәбіз 1 кг – 100 тг, картоп 1 кг – 80 тг болып тұтынушыларға жетіп отыр.
Агроөндірістік салада да тұрақты тенденция сақталған. Елбасы Жолдауында агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін толық іске асырып, еңбек өнімділігін және қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын 2022 жылға қарай 2,5 есе көбейту қажеттігін міндеттеді. Бұл салада да өндірілген өнім көрсеткіші аймақта ең алдыңғы қатарға шығып, жоғарғы көрсеткішке жеткен. Жалпы биылғы жылы ауданда 20874 гектар алқапқа күріш егіліп, 53 центнерден өнім алынды. Жиналған өнім 111 мың158 тонна. Биылғы жылдың егісіне 5 мың 180 тонна тұқым құйылған. Бұл да болса аграрлы ауданның азық-түлік бағасын тұрақтандыруға өз әсерін тигізіп, халықтың тұрмыс сапасын арттырады.

Б.ЖАНӘЛІ

15 қаңтар 2019 ж. 977 1

Гость JeaOrer от 15 ақпан 2019 21:00
Priligy Krankenkasse Dosage Cialis 20 п»їcialis Z Eaton Amoxicillin