Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауыл шаруашылығы – елдің асыраушысы

Ауыл шаруашылығы – елдің асыраушысы


Ауыл шаруашылығы саласы бойынша өндірілген өнім үстіміздегі жылдың қаңтар-шілде айының қорытындысы бойынша 2,3 млрд.теңгені құрап, 1,7 пайызға артты.
Ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру бойынша ауданның ауыл шаруашылығы тауарөндірушілері 32 мың 210 гектарға ауылшаруашылығы дақылдарын орналастырды.
Оның ішінде жаздық бидай 500, мақсары  325,  сүрлем жүгері 10, жаңа жоңышқа 2906, ескі жоңышқа 6775, картоп, көкөніс, бақша 820 гектарды құрайды. Негізгі дақыл күріштің көлемі 20 мың 874 гектар.
Бүгінгі күнге шаруашылық құрылымдары 500 гектар жаздық бидайдан 7471 центнер өнім алынып, орта өнім 14,9 центнер гектардан келді. Ескі жоңышқа дақылының IІ-орымы аяқталып, 15 мың 365 тонна  құнарлы мал азығы жиналды, орта өнімі 30,3 центнерден келді. 18 мың 500 гектар күріш дақылы тыңайтқыштармен үстеп қоректендіріліп, гербицидпен өңделді.
Ауданның егін шаруашылығын субсидиялау бюджеттік бағдарламалары бойынша бюджеттен ауыл шаруашылығы құрылымдарына 2018 жылы тұқымға 104 млн. 200 мың теңге субсидия игерілді.
2018 жылы «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы шаруашылық құрылымдары 548 млн. 244 мың теңгеге 17 жаңа техника алды.
2018 жылдың 1 тамызына аудандағы барлық шаруашылық санаттарында төрт түлік мал басы 34 мың 107 бас мүйізді ірі қара, 29 мың 930 бас қой мен ешкі, 14 мың 152 бас жылқы, 1237 бас түйе, 11 мың 873 бас құс өсірілуде.
Мал шаруашылығынан өндірілген өнімдер өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ет 100,0%-ға, сүт 101,7%-ға, жұмыртқа 106,4%-ға орындалды.
2018 жылы ауданда «Агробизнес» бағдарламасы бойынша 7 шаруашылық құрылымдары 61,8 млн. теңге  несие алды. «Дипломмен ауылға» бағдарла­масына 2018 жылы  көтерме жәр­демақыға  84  маманға 168 мың 350 теңгеден  14,3 млн. теңге қаржы бөлінді. Жоспар бойынша бірінші жартыжылдықта барлығы 54 маманға 9,1 млн. теңге жеке есеп шоттарына аударылды.
Тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік несиеге 62 маманға 225,8 млн. теңге қаржы бөлінді.  Тұрғын үй сатып алу үшін берілетін бюджеттік кредит 3,6 млн. теңге.Есепті кезеңде 32  маманға 109,3 млн. теңге аударылды.
Аудан бойынша әлеуметтік маңызды тауарлардың бағасын тұрақтандыру, азық-түлік тауарлар бағаларының өсуін болдырмау мақсатындатұрақты түрде мониторинг жүргізілуде.
Қызылорда қаласының, еліміздің т.б. облыстық қалаларының, жақын және алыс шет елдердің көтерме сауда орындарынан алған негізгі азық-түліктердің бағасын аудан тұрғындарына бөлшек сауда жасау барысында 5 (бес) пайыздық үстемеден асырмау жөнінде 2018 жылы аудан бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша 116 дана сауда нүктелерімен меморандумдарға қол қойылған.
«Азия даму банкі» арқылы Сырдария ауданы бойынша 7406 га. суармалы жерлерді қайта айналымға қосу» жобасына енген су шаруашылығы нысандарына 11 елді мекеннің (Тереңөзек кенті, Н. Ілиясов, Шаған, Ақжарма, А.Тоқмағанбетов, С.Сейфуллин, Қо­ға­­­­­лы­­­көл, Бесарық, Інкәрдария, Аман­келді, Айдарлы) барлығы 377 су шаруашылығы нысандарына төл құ­жаттары жасалынды.
Майда және жеке қосалқы шаруа­шылықтардың әлеуетін арттыруда тиісті жұмыстар атқарылуда. Ауданда жалпы 39 ауылшаруашылығы өндірістік кооператив құрылды, оның ішінде жиырма жеке қосалқы шаруашылықтардың қатысуымен 11 кооператив. Анықтамалық: (17-і аралас ауылшаруашылығы, егіншілік, 20-ы мал өсіріп ет өнімін алу, 1-і құс етін өндіру, 1-і көркейту-көгалдандыру).
Кооперативтермен 63 отбасылық мал бордақылау алаңдары құрылып, 1461 бас мүйізді ірі қара малын бордақылауда. Бұл жұмыстарға кооперативтер 246 млн. теңге жеңілдетілген несие алды.
Бүгінгі күні кооперативтер 1,7 тонна ет, 4,8 тонна картоп өнімдері және 3 тонна құс етін өндірді.
25 қыркүйек 2018 ж. 1 209 2

Гость JeaOrer от 24 ақпан 2019 16:34
Comprar Cialis Sin Receta En Barcelona levitra 10 mg Sinus Cephalexin Keflex 750mg Dosage

Гость JeaOrer от 13 наурыз 2019 18:31
Discount Fedex Shipping Macrobid Furadantin Website Low Price What Cephalexin Prescribed For Cialis Fabriquant best prices for on line levitra Ou Trouver Du Viagra Pas Cher Is Keflex A Diuretic