Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№32 газет

01 мамыр 2026 ж.

№ 31 газет

28 сәуір 2026 ж.

№30 газет

25 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Ауданда дамудың оң динамикасы қалыптасты

Ауданда дамудың оң динамикасы қалыптасты

Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов Сырдария ауданына жасаған жұмыс сапарында аудан әкімдігіне инвестиция көлемін арттыруды және кәсіпкерлік саласын дамытуды тапсырған болатын. Аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес бұл көрсеткіш бойынша Сырдария ауданында нақты жұмыстар жүргізілуде.

Бүгінде ауданда барлық макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамикаға қол жеткізілген. Оның ішінде инвестициялар көлемі 161% көбейген. Сонымен бірге құрылыс жұмыстары 5,2 есеге артқан. Есепті мерзімде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі 105,1% болып қалыптасты. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда жоғары.

Айта кету керек, аталған жұмыс сапарының қорытындысы бойынша облыс әкімі тарапынан берілген тапсырмалардың барлығы орындалған. Алдағы уақытта да сырдариялықтар аймақ басшысының бастамаларына қолдау көрсетіп, бірлесе еңбек ете бермек. Ол үшін мемлекет тарапынан барлық қолдаулар жасалуда.
15 қаңтар 2020 ж. 1 054 0