Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » АЛАУЛЫ АҚ ОЛИМПИАДА

АЛАУЛЫ АҚ ОЛИМПИАДА


Төрт жылда айналып келетін ақ Олимпиада алауы биылғы жылы Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында тұтанды. ХХІІІ Қысқы Олимпида ойындарының салтанатты ашылуы 9 ақпан күні өтіп, содан бері әлемнің 5 мыңға жуық спортшысы 102 жүлде жиынтығын са­рапқа салуда.
Негізі, өзінің кандидатурасын ұсынған Оңтүстік Корея мемлекеті тек үшіншісінде Қысқы Олимпиада ойындарын өткізу құқығына ие болды. Бұған дейін аталған мемлекет 2010 жылғы Олимпиада ойындарын өткізу құқығын – Ванкуверге, 2014 жылғы Олимпиаданы өткізу құқығын – Сочиге беріп алған болатын. Ал үшінші кезекте Пхенчхан немістің Мюнхен қаласы мен француздың Анси курортын басып озып, нәтижесінде, ақпанда Олимпида алауы жағылды.
9 ақпан күні Қысқы Олимпиада ойындарының салтанатты ашылуы қысқы жарыстар туралы бейнероликпен бастау алды. Алаулы Олимпиаданы өткізудің негізгі сипаттамасы – бейбітшілік пен қозғалыс болғандықтан ортаға олимпиадалық бес шеңберге орай бес бала шықты. Мұнан соң таңғажайып көріністер көрсетіліп, әлем жұрты ерекше үйлесімдегі корей халқының ұлттық биін тамашалады. Дәстүрге сай Оңтүстік Кореяның Туы көтерілгеннен кейін халықаралық отбасылардан шыққан 75 бала Әнұранды орындады. Келесі кезекте спортшылар шеруі болып, оны Греция мемлекеті бастады. Қысқы ойындарға АҚШ, Ресей мемлекеттері спортшылар саны бойынша ең үлкен командалар қатарына жатады. Бір қызығы, биылғы жарысқа Ресей құрамасы өз елінің емес, Олимпиада туымен шықты. Ал еліміздің көк байрағын әлемдік додада шорттрекші Абзал Әжғалиев алып, Қазақстан құрамасын бастады. Шеруде барлық команда таныстырылғаннан соң Халықаралық Олимпиада комитетінің басшысы Томас Бах сөз сөйлеп, ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді. Ал Оң­түстік Кореяның президенті Мун Джайн ХХІІІ Қысқы Олимпиада ойындарын «ашық» деп жариялады. Осы тұста, Олимпиада жалауы желбіреп, Олимпиада ойындарының Әнұраны шырқалды. Салтанатты ашылуға жиналғандар Пхенчхан олимпиадалық стадионында үлкен отшашудың куәсі болды.
25 ақпанға дейін жалғасатын дүбірлі додаға 92 ел қатысуда. Оның ішінде, елімізден 46 спортшы Оңтүстік Кореяға аттанды. Олардың 57 олимпиадалық жолдамасы бар. Атап айтқанда, биатлоннан – 10, фристайлдан – 9, мәнерлеп сырғанаудан – 3, шорт-тректен – 7, шаңғы жарысынан – 7, конькиден – 6, тау шаңғысынан – 2, шана спорты мен трамплиннен – 2. Осылардың ішінде, жарыстың үшінші күнінде фристайлшы Юлия Галышева алғашқы медальды қоржынға салды. Қазақстандық спортшы финалдық кезеңде канадалық спортшылар Анди Ноде, Жюстин Дюфуа-Лапуант, австралиялықтар Бриттни Кокс, Джакарой Энтони және француздық Перрен Лафонтпен жүлделі орындарға таласып, Олимпиаданың қола жүлдегері атанды. Ол алғашқы финалдық кезеңде 75.10 балмен жетінші, екінші кезеңде 76.81 балмен алтыншы орынға тұрақтаған болатын. Ал шешуші кезеңде 77.40 ұпай жинап, жеңіс тұғырынан көрінді. Бұл жарыста Лафонт (78.65) Олимпиада чемпионы атанса, күміс жүлдеге Дюфуа-Лапуант (78.56) ие болды.

Е.БЕРКІНБАЕВ
13 ақпан 2018 ж. 1 465 2

Гость JeaOrer от 23 ақпан 2019 09:29
Male Horse Tonic For Men Acheter Viagra Suisse Doxycycline Hyclate 100mg Cap cialis 20mg for sale Tipos A Propecia Levitra Eye Side Effects

Гость JeaOrer от 12 наурыз 2019 12:15
Nolvadex Tamoxifen For Sale Uk Buy Fluoxetine Uk cialis without prescription Priligy Originale Online Tossicita Del Levitra Viagra En Allemand