Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 100 газет

31 желтоқсан 2025 ж.

№ 99 газет

27 желтоқсан 2025 ж.

№98 газет

23 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Отандық құрама Олимпиадаға аттанды

Отандық құрама Олимпиадаға аттанды


Отандық құраманы Оңтүстік Кореядағы Олимпиада-2018 ойындарына шығарып салу рәсімі Алматы облысында өтті, - деп хабарлайды Bnews.kz.
Қазақстанның Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаев қазақстандық құрама дайындығының жоғары деңгейін атап өтті. Сондай-ақ, қысқы ойындарға шаңғы жарысы, биатлон, фристайл-акробатика және фристайл-могул құрамалары аттанғалы отыр. Олипиадалық құраманың атынан шаңғышы Анна Шевченко мен Жанбота Алдабергенова сөз сөйледі.
«Қазақстанда қысқы спорт ойындарын дамыту мен қолдау бойынша қыруар жұмыс атқарылуда. Еліміздің абыройын халықаралық деңгейде қорғау, беделді жаттықтырушылардан тәлім алу біз үшін үлкен мәртебе. Біз жеңіспен оралу үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз. Біз үшін қолдау өте маңызды», - деді Анна Шевченко.
Айта кетейік, Олимпиада ойындарына 90 елдің спортшылары қатыспақ. Барлығы 15 спорт түрі бойынша 102 жиынтық медаль ойнатылады
24 қаңтар 2018 ж. 1 428 0