Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

05 желтоқсан 2023 ж.

№95 газет

02 желтоқсан 2023 ж.

№94 газет

28 қараша 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Ресей құрамасы 2018 жылғы Олимпиада ойындарынан шеттетілді

Ресей құрамасы 2018 жылғы Олимпиада ойындарынан шеттетілді


Халықаралық Олимпиада комитеті Ресей құрамасының 2018 жылғы Олимпиада ойындарында өз туының астында өнер көрсетуіне тыйым салды. Бұл туралы sports.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды
Ресейлік спортшылар қысқы Олимпиада ойындарында өз туларымен өнер көрсете алмайды. Олар тек нейтральды спортшы ретінде қысқы ойындарға қатыспақшы. Яғни, ресми түрде "Ресейден келген олимпиадалық атлет" деген атауға ие болды.
Халықаралық Олимпиада комитетінің Ресейді дәл бұлай жазалауына 2014 жылғы Сочи Олимпиадасындағы допинг дауы себеп болып отыр. ХОК бүгінге дейін Ресейдің Сочиде чемпион және жүлдегер атанған бірнеше спортшысын допинг қолданғаны үшін өмір бойына спорттан шеттетті.
Сочи Олимпиадасының қорытындысы бойынша бірінші орында тұрған ресейліктер күн санап рейтингте құлдырап, үшінші орынға түсіп қалды.
Қазір арнайы құрылған тексерушілер тобы қатаң бақылаудан өткізілген спортшыларға ғана Олимпиадаға қатысуға рұқсат бермекші. Ал Ресей құрамасының басшылары Олимпиада ойындарына мүлдем кіргізілмейді.
Бұл ресейлік жанкүйерлер мен спортшыларға өте ауыр тиюде. Көпшілік допинг дауына басты себепкер ретінде спорттық шенеуніктер мен ел президенті Путинді кінәлауда.
06 желтоқсан 2017 ж. 1 258 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам