Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖОЛ КАРТАСЫ – ЖҰМЫСТЫ ЖҮЙЕЛЕУДІҢ ЖОЛЫ

ЖОЛ КАРТАСЫ – ЖҰМЫСТЫ ЖҮЙЕЛЕУДІҢ ЖОЛЫ


Жақында аудан әкімі Ғ.Қазантаевтың төрағалығымен өткен жиында ауданда кәсіпкерлікті дамытудың Жол картасы қабылданды. Жаңадан әзірленген Жол картасы туралы аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Л.Қозыбаева түсіндіріп берді. 2018 жылды облыс әкімі Қ.Е.Көшербаев облыс бойынша кәсіпкерлікті дамыту жылы деп белгілеп, осы жылдың қаңтар айының 24-не облыстық кәсіпкерлікті дамыту Жол картасын бекітті. Осы бағытта, Сырдария ауданының кәсіпкерлікті дамыту Жол картасы әзірленді. Жол картада барлығы 10 тармақта 44 іс шараның орындалуы қаралған.
Аудан әкімінің өкімімен кәсіпкерлікті қолдау бағдарламаларын түсіндіру мақ­сатында аудандық жүмысшы топ құры­лып, қаңтар айының 30-ы мен 2 ақпаны аралығында ауылдық округтерді аралап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жұмысшы топ кестеге сәйкес әр тоқсан сайын ауылдық округтерді аралау жұмыстарын жалғастырады. «Нәти­желі жұмыспен қамту және жаппай кәсіп­керлікті дамыту» бағдарламасы арқылы несие алу үшін кент және ауылдық округтер бойынша «Бизнес Бастау» және «Бизнес кеңесші» оқу курсын оқитын 280 адамның тізімі жасақталды. Осы бағдарлама арқылы Тереңөзек кенті 15 жоба, Айдарлы, Жетікөл, Қалжан ахун, С.Сейфуллин ауылдық округтері әр қай­сысы 3 жобаның, Аманкелді, Бесарық, Қоғалыкөл, Шіркейлі, Н.Ілиясов, Ша­ған, Ақжарма ауылдық округтері әр қайсысы 5 жобаның, Іңкәрдария, А.Тоқ­­мағанбетов ауылдық округтері әр қайсысы 4 жобаның, аудан бойын­­­ша барлығы 70 жобаның орындалуы қам­тамасыз етіледі. «Бизнестің жол кар­тасы 2020» кәсіпкерлікті қолдау бі­рың­ғай бағдарламасының субсидиялау тетігі бойынша Тереңөзек кенті 5 жоба, Айдарлы, Аманкелді, Бесарық, Қоғалыкөл, Шіркейлі, Н.Ілиясов, Ша­ған, Ақжарма, Іңкәрдария, А.Тоқ­мағанбетов, Қалжан ахун, С.Сей­фуллин ауылдық округтері әр қайсысы 2 жобаның, Жетікөл ауылдық округі 2 жобаның, аудан бойынша барлығы 30 жобаның орындалуы қамтамасыз етілуі тиіс. Жобалардың бөліндісі кент және ауылдық округтердің халық санына қарай бөлінді және олардың жүзеге асырылуына жауапты аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері, кент және ауылдық округ әкімдері, қосымша аудан әкімінің аудан аумағында жаппай кәсіпкерлікті дамыту мақсатында Тереңөзек кенті мен ауылдық округтері бойынша жауапты болып бөлім басшылары бекітілді. «Бизнестің жол картасы» бағдарламасының грант бөлу конкурсына қатысуға құны 87,8 млн.теңгенің 53 жобасы аудандық кәсіпкерлік палатасы арқылы бизнес жоспарлары жасақталуда. Аудандық ауыл шаруашылығы бөліміне кент жә­­­не ауылдық округ әкім­­­де­рімен бірлесіп шағын жә­не орта кәсіп­керлік субъектерінің ауыл шаруашылығы саласы бойынша 8 жобаның, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу бойынша кем дегенде 5 жобаның жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, ауданның өнім өндіретін кәсіпкерлердің тізімін жасақтау, әрбір ауылдық округ бойынша өндіріс көздерін зерттеу, мал және егін шаруашылығының өнімдерін жинақтау орталықтарын құ­ру, исламдық қаржы институттары ар­қылы ауданның ирригациялық жүйелерін қайта жаңғыртудан өткізу, Оңтүстік, Жамбыл, Ақтөбе облыстарымен байланыс орнату, ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу, ауыл шаруашылығы кооперация­­ларын дамыту міндеттері жүктелген. Ауданның денсаулық сақтау саласында 1 жеке меншік кәсіп ашу және білім саласы бойынша 1 жеке меншік бала бақша ашу көзделген. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне кент және ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп мемлекеттік бағдарламалардың тетіктерін
пайдалана келе кем дегенде 144 жаңа тұрақты жұмыс орындарын құруды,шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері арқылы жастар практикасы жұмысын үйлестіруге 7 адам, әлеуметтік жұмыс орындарын құруға 30 адамды қамту тапсырылған. Жол картаның 7 тармағы ауданның кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы жұмыс­тарды ақпараттандыру. Кәсіпкерлерді толғандырған сұрақтарға салалық бөлім мен кәсіпкерлік палатасы мамандары жауап беретін болады. Мұнан басқа жергілікті басылым беттерінде кәсіпкерлікті қолдау жөнінде бірнеше айдар ашылып, нөмір сайын бағдарламалардың жеңілдіктері, бизнестері дамыған және жаңадан бастаған тұлғалармен сұхбат­тарды жариялау көзделуде. Сонымен қатар, осы бағытта интернет ресурстар, басқа да ақпараттандыру көздері толық пайдаланылады. Кәсіпкерлерге кеңес беру және кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы бағдарламаларда көзделген мемлекеттік қолдау шараларын толық пайдалану мақсатында барлық ауылдық округтерде 15 ақпанға дейін кәсіпкерлерге кеңес беру кабинеттері ашылады. Жол картаның сауда саласын дамыту және экономикалық түрлері бойынша кәсіпкерлік жобаларды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітілген индикаторларына қол жеткізу жұмыстарын жүргізу кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі, кент және ауылдық округтер әкімдерімен бірлесіп жүзеге асырады. Кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы жерлерді сауда-саттық арқылы кәсіпкерлерге ұсыну регламентін дайындау, 11 мың гектар жерді ауыл шаруашылығындағы мақсаттағы жерлерге айналдыру жұмыстарын жүргізу аудандық жер қатынастары бөліміне жүктелді. 2018 жылғы облыстың жол картасында бекітілген индикаторлардың орындалуы қатаң бақылауға алынып, кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары бойынша нақты нәтижеге жету үшін жұмыстар жасалынатын болады.

Б.Жанәлі
12 ақпан 2018 ж. 2 199 2

Гость JeaOrer от 18 ақпан 2019 10:35
Vente Cialis En Belgique online pharmacy Generic Hydrochlorothiazide Website Cash Delivery

Гость JeaOrer от 9 наурыз 2019 19:13
Buy Accutane In London Information On Cephalexin generic viagra Cytotec A Bas Prix Cialis Lagerung Cialis Pharmacie Sans Ordonnance