Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » АУЫЛДАРДЫҢ ӨЗ БЮДЖЕТІ ҚАБЫЛДАНДЫ

АУЫЛДАРДЫҢ ӨЗ БЮДЖЕТІ ҚАБЫЛДАНДЫ

Аманкелді ауылында өткен есеп беру жиынында аудан әкімі Ғ.Қазантаев атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасап, Сырдария ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін атап өтті. Жоспарлардың артығымен орындалғанын, үстіміздегі жылы да жүйелі жұмыстар жүзеге асатынын жеткізді. Сондай-ақ, аудан бойынша халық саны 2 мыңнан асатын 1 кент пен 7 ауылдың дербес бюджеті болатынын айтты. Өз кезегінде Аманкелді ауылының әкімі Қ.Құлымбетов, ауылдық учаскелік полиция инспекторы Б.Жармаханов 2017 жылы атқарған жұмыстарының есебін берді. Аманкелді ауылдық округі әкімі Қ.Құлымбетов есепті баяндамасында кәсіпкерлікке баса мән берді. Биыл ауылдан құны 30 млн.теңге болатын 8 жоба ұсынылып, 12 адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Қызылорда облысы бойынша үстіміздегі жылы кәсіпкерлікті дамытуға ерекше басымдық берілуіне байланысты есеп беру жиынында аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Л.Қозыбаева мен Сырдария ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы М.Әбдіхалықов қосымша хабарлама жасады. №42 мектеп-лицей директоры, аудандық мәслихат депутаты И.Әбдіхалықов сөз сөйлеп, аудан әкімінің жыл бойы атқарған жүйелі жұмысына жоғары баға берді.

"ТТ"-ақпарат

16 қаңтар 2018 ж. 1 335 0