Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жетікөл ауылында есепті жиын өтті

Жетікөл ауылында есепті жиын өтті

Бүгін Сырдария ауданына қарасты Жетікөл ауылдық округінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы" 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 Жарлығына сәйкес атқарушы билік өкілдерінің халыққа есеп беру жиыны өтті, - деп хабарлайды Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі. Есеп беру жиынына облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, бөлім, мекеме басшылары, үкіметтік емес ұйым мүшелері, ауыл тұрғындары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Сырдария ауданының әкімі Ғ.Қазантаев 2017 жылы атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасап, есепте кезеңде жүзеге асқан жұмыстардың есебін берді. Аудан басшысы қалыптасқан экономикалық жағдайға қарамастан аудан былтырғы жылды жемісті қорытындылағанын атап өтті. Есеп беру жиынында Жетікөл ауылының әкімі Ж.Қожахметов, Жетікөл ауылдық учаскелік полиция инспекторы Н.Серкешбаев атқарған жұмыстар жөнінде баяндама жасады. Облыс бойынша үстіміздегі жылы кәсіпкерлікті дамытуға ерекше басымдық берілуіне байланысты аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Л.Қозыбаева мен аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы М.Әбдіхалықов қосымша хабарлама жасады. Ауылдық Қоғамдық кеңес төрағасы Ж.Камалов сөз сөйлеп, аудан әкімінің жыл бойы атқарған жүйелі жұмысына жоғары баға берді.

"ТТ"-ақпарат

15 қаңтар 2018 ж. 1 947 0