Төл басылым үйіміздің төрінен табылады
Газеттегі әрбір жазылған мақаланың ғұмыры бір күндік емес екендігін жақсы білеміз. Ойлы оқырманның серігіне айналған ауданның үнжариясын қолымызға алғанда ең алдымен газеттен құнды мақала іздейтінім анық. Қашанда Ауған соғысы ардагерлері басылымды оқи отырып, бір-бірімізбен ой бөлісеміз. Әрине, «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деген тәмсіл өз өміршеңдігін жоғалтқан емес.Бүгінде аудандық басылымға 2026 жылдың 1 жартыжылдығына жазылу науқаны жүріп жатыр. Өз басым күнделікті газеттен қол үзбеймін. Ақпарат айдынындағы толассыз жаңалықтың легін дәстүрлі медиамен сусындаған әлдеқашан құнды. Өміріміздің бір бөлігіне айналған басылымның оқырман саны арта берсін демекпіз. Ақпараттық технологияның заманы туғанда газет алдыңғы орыннан түспеуі керек. Оқырманның жүрегінен жол тапқан төл басылым ұжымының шығармашылық әлеуетін ерекше бағалаймыз! Көңілге қонымды, тұщымды мақала шоғырын қалыптастыра білген «Тіршілік тынысы» газетінің әрбір нөмірі үйіміздің төрінен табылғанын қалаймыз.
Өз кезегінде оқырман қауымды төл басылымды қолдауға шақырамын. Алдағы уақытта аудандық газет оқырманы көбейе түсетініне сенім білдіремін.
Жұмаділда НАРЫМБЕТОВ,
аудандық Ауған соғысы
ардагерлері одағының төрағасы










