Жол үстіндегі қауіпсіздік
Жүргінші бөлік мен жауяужол бала үшін ең қауіпті аумақтар болып табылады. Егер де үйде, аулада, балабақшада біз қауіпті байқап, оның алдын ала алсақ, онда жүргінші бөлікте біздің мүмкіндіктеріміз шектеулі. Бөбектің жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ең басты рөл жолды кесіп өту икемдігіне беріледі.
Бөбекпен бірге серуенге шыққан кезде, оны қолынан қатты ұстаңыз. Балаға жол жүру ережелерін үйретіңіз – жолды қауіпсіз жерде өту керек – және жолды өтерден бұрын неліктен тоқағаныңызды, неге жан-жағыңызға неліктен қарағаныңызды түсіндіріңіз. Баланы жалғыз жолға жақындатпаңыз, оны жолға тіпті жібермеңіз.
Баланы қауіпсіздік ережелеріне кішкентай жасынан бастап үйретіңіз. Екі-үш жасар балаға жау жүргінші бағдаршамындағы кішкентай «жасыл» және «қызыл» адамдарды көрсетіп, олардың несімен бір-бірінен ажыратылатындығын түсіндіруге болады. Бала төрт жасқа дейін оған қауіпсіздік шаралары туралы айтылған барлық мәліметтерді есте сақтай алмайтындығын ескеру қажет. Балада нақты қауіпсіздік тәртіп әрекеттерін қалыптастыру өте маңызды.
-Бала үйден тек ересек адаммен шығу қажет және үнемі ересектің қарауында болуы қажет
-Бала машина жүретін жерлерден алшақ болуы қажет
-Бала ернеуден өтпей, тек қана жаяужол бойынша жүруі қажет
-Досыңның артынан, доптың не иттің артынан жолға жолға жүгіріп шығуға болмайды
-Бала ерекше қағидаларға жүгінетін жедел көмек машиналарын айыра білуі қажет, оларды дабыл белгісі бойынша білуі керек
Жоғарғы қауіп санатына 5-тен 9 жасқа дейінгі балалар жатады. Бұл балалар энегрияға толы, дербестікке талпынатын, бірақ әлі күнге дейін өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз ете алады. Көптеген факторлар балаға қауіпке дұрыс жауап қайтаруға кедергі жасайды:
-бойдың кішкентай болуы көріністі шектейді – баланы байқау қиынырақ
-балалар әлі өзінің шеткі көру қабілетін тиімді қолдана алмайды
-12-жасқа дейін балаға дауыстың қай жақтан шыққандығын анықтау қиынырақ, және машинаның дабыл қаққан кезінде дұрыс емес бағытта кетіп қалуы мүмкін
-балалар албырт, тым жүйесіз, олардың әрекеттерін болжап болуға болмайды
-жеті жасқа дейін балаларда машиналардың нақты көлемдерін және олардың алшақтығын анықтайтын тәжірибесі әлі жеткіліксіз
-машинаның жылдамдығын бағалау өте қиын – тіпті ересектер де қателеседі
-бала жеті жасқа дейін әлемді ересек сияқты қабылдамайды: мысалы, «зебра» жүргіншілер өту жолақтарын қауіпсіз деп санауы мүмкін: ол —–үшін ең бастысы – дәл жолақшалар бойымен тура өту
-бала егер де машинаны көрсе, онда жүргізуші де оны байқады дегенге сенімді
Сонымен қатар, көптеген ата-аналар балаға төнген қауіпті жете бағаламайды. 2500 ата-ана арасында сауалнама жүргізілді. 94% сауалнамадан өткендер 5-8 жастағы балалардың өзідігінен және қауіпсіз түрде жолдан өте алатындығына сенбейді. Алайда, олардың балаларының ішінде 10% жеті жасар және 15% сегіз жасар балалар жолдың қауіпті бөліктерінен өтіп өздігінен мектепке барады. Яғни, әрбір төртінші ата-ана жүргінші бөліктің қауіпті екендігін жете бағаламай, өз баласының мүмкіндіктерін тым артық бағалайды.
Баламен «жол» белгілеріне ойнаңыз. Ол жол белгілерінің, таңбалардың, бағдаршамның не білдіретіндігін білсін. Мұның барлығы оған жол қозғалысының мәнін, тәртібін және қоғалыс ережелерін жақсырақ түсінуге көмектеседі.