Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда өңірінде «Қыс-2025» командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды

Қызылорда өңірінде «Қыс-2025» командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды

2025 жылдың 20 қарашасында Қызылорда облысы ТЖД-не «Дабыл-1001», «Қарғын-2002» шартты белгісі қабылданып, ол туралы облыстың басқару органдарына жеткізілді.

Сол күні сағат 15:00-де Арал ауданы әкімінің аппаратының ғимаратының мәжіліс залында Қызылорда облысы ТЖД бастығының орынбасары полковник  Бекболат Әбдіқадыров, Арал ауданы әкімінің орынбасары  Нұрмұхамет Бохаев және облыстағы азаматтық қорғау қызметтерінің өкілдерінің қатысуымен жиын өткізілді.

Жиынның барысында өңірдегі азаматтық қорғау қызметтерінің «Қыс-2025» командалық-штабтық оқу-жаттығуына дайындықтары сарапқа салынды. Арал ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры Айдос Сыдықов  жаттығуды өткізуге дайындығы туралы баяндамасы тыңдалды.

Жиынды Қызылорда облысының ТЖ департаментінің бастығының орынбасары полковник  Бекболат Әбдіқадыров қорытындылады.

Қызылорда облысы ТЖД
20 қараша 2025 ж. 283 0