Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Бала тісін қалай емдеген дұрыс

Бала тісін қалай емдеген дұрыс


Тіс дәрігеріне қанша жастан бастап барған дұрыс? Алғашқы тіс шыққан сәттен бастап! Тістің ауырған сәтін күтпей баланы профилактикалық қарауға апарыңыз. 2-3 жасқа дейін тіс дәрігерін жылына 1 рет, 3 жастан кейін жылына 2-4 рет барған дұрыс. Сіздің балаңыз тіс дәрігеріне жиі барғандықтан, аз қорқатын болады, сондықтан да дәрігердің қабылдауында жиі болу қалыпты жағдай.
Балаларға арналған тіс щеткасын қалай таңдай қажет?
Балаларға арналған тіс щеткасы жұмсақ, басы кішкентай (18-25 мм) болғаны дұрыс, себебі балалардың аузы мен тістері кішкентай. Тіс щеткасындағы пастаның мөлшері асбұршағымен тең. Балалар пастаны жиі «жұтып» қояды. 5 жасқа дейінгі балаларға құрамында фторы аз немесе мүлдем жоқ тіс пастаны қолдану ұсынылады.
Тісті қалай тазалаған дұрыс?
Тіс щеткасын сыпырып жатқан қозғалысты орындаған қозғалтыңыз. Осылайша сіз 2-3 тісті бір мезетте тазалайсыз. Әрбір секторда жоқ дегенде 20 қозғалыс жасаған дұрыс. Тіс щеткасының қылшықтары тіске 45 градус бұрышпен бағытталғаны жөн, осылайша тістердің беткі қабаты тазаланып, қызы иектер уқаланады. Ең дұрысы төменгі тістердің ішкі жағынан (тіл жағынан) бастап тазалаған дұрыс. Шайнау беттерін ең соңынан тазалайды, себебі оларды алғаш тазалаған жағдайда қол жетуі қиын жерлер тазаланбай қалады. Тісті тазалағаннан кейін оған микробтар тіл арқылы жабысады. Сондықтан тілді де тазалауды ұмытпаңыз! Тілді таза щеткамен тазалаған дұрыс. Тілді ұшынан бастап негізіне қарай тазалаған дұрыс. Бұл соңғы процедура болып табылады.
Электрлі тіс щеткасын балаларға қолдануға бола ма?
Қазіргі таңда балаларға арналған электрлі тіс щеткасының түрлері өте көп. Қораптың сыртында көрсетілген жас ерекшелікті ескеру қажет емес. Есіңізде болсын, күнделікті тісті тазалау басырында электрлі тіс щеткасын қолда отырып, сіз тамыр маңындағы қызыл иектерге зақым келтіресіз. Тістің түбі ашылып, эмалдың зақымдану басталып, тістің босауы мүмкін. Сондықтан да бабаларға жасына сәйкес қарапайым тіс щеткасын қолданып, оны 3 айда бір ауыстыру ұсынылады.
Балалардың тісіне фтор жағу міндетті ме?
Балаларда тіс жегісінің пайда буынының алдын алу үшін балалардың тісін Фторлакпен жабады (6 жас және одан жоғары). Оны ауыз суының құрамындағы фтор аз жерлерді жиі қолданады. Фторлак тісті микробтардан қорғап, тіс эмалын берік қылады. Алайда бұл процедураларды тек қана дәрігердің тағайындаумен ғана орындаған дұрыс.
Түрлі-түсті пломбаны қою не үшін қажет?
Баланы ынталандыру үшін! Бұл кішкентай сәбидің сеніміне кірудің ең бір танымал әдісі. Кішкентай сәнқойлар үшін түрлі-түсті жылтырлары бар пломба да қолданылады. Бала мұндай пломбаны ерекше «әшекей» ретінде қабылдайды. Түрлі-түсті пломбалардың біріктігі жоғары. Түрлі түсті пломбаларды болашақта түсіп қалатын сүт тістерге қояды.
Бөтелкелік тіс жегісі неге пайда болады?
Себебі балалар өте жиі бөтелкемен ұйықтайды немесе жиі бөтелкені соратындықтан «бөтелкелік тіс жегісі» пайда болады. Мұның барлығы қоспаның сапасы мен сәбидің тамақтануына байланысты. Тәттілер, тәтті ботқалар мен шырындар, кондитерлік және ұннан жасалған өнімдер қалдықтары тісте тұрып қалып, ауыз қуысында микро флораның көбеюіне септігін тигізеді. Емшек сүтімен қоректендіру тіс жегінің пайда буынының алдын алады.
Қазіргі заманғы қандай антисептиктермен балаларды емдеуге болады?
Қазіргі заманғы стоматологиялық емханаларда жергілікті жансыздандыру үшін артикаин мен мепивакаин негізіндегі дәрілік заттар қолданылады. Кез келген дәрілік затқа аллергиялық реакцияның туындау қаупі бар. Сондықтан да аллергияға деген бейімділігінің бар екендігін және бұрындары болған аллергиялық көріністері туралы ескертіңіз. Егер сіз анестезияға деген аллергиялық реакциядан өзіңізді толығымен қорғағыңыз келсе, емханада қолданылатын дәрілік заттарға жоғарғы сезімталдыққа қан талдауын жүргізіңіз.
Емдеу алдындағы баланың қорқынышын қалай жеңуге болады?
Тіс дәрігерінің бейнесін ешқашан қорқынышты кейіпкер ретінде қолданбаңыз. Кей кездері ересек адамдардың өздері тіс дәрігерін құбыжық ретінде еске алады. Бұл – қате ұғым. «Ине», «бұрғылау», «жұлу», «ауырады» деген сөздерді мүлдем ұмытыңыз. Балаларға арналған стоматологияда мұның барлығы жоқ. Оның орнына «қатыру», «сурет салу және ызылдау», «түсіп қалу және босау», «жағымсыз» деген сөздер бар.
Үйде тіс дәрігері ретінде ойын ойнап, айнаның алдында баланың және өзіңіздің тістеріңізді қарауға немесе тістің суретін салуға, немесе пластилиннен құрты бар тісті жасап, оны бірге алып шығу сияқты ойындарды ойнауға болады.
Дәрігермен алдын ала шартты белгілер туралы және баламен әңгімелесетін тақырыптар туралы келісіңіз. Егер сіздің балаңыз музыкамен әуестенетін болса, онда дәрігер баламен музыка туралы әңгімелессін. Ең тұрысы баланың ырқына көне бермеген дұрыс. «Тісіңді емдегеннен кейін саған Lego алып беремін» деген сөздер балаға әсер етпейді.
Болашақ ана нені білуі қажет?
Сарапшылар мен дәрігерлер A, C, D дәрументеріне, протеинге, кальцийге және фосфорға бай үйлестірілген тағаммен тамақтануға ұсыныс жасайды. 4-6 апталық жүктілік кезінде ұрықта оның алғашқы «сүт» тістері қалыптаса бастайды. Үшінші және алтыншы айлар арасында «сүт» тістердің эмалы қалыптаса бастайды. Туған кезде сіздің сәбиіңізде жиек астында жасырын жатқан толық қалыптасқан тістердің жинағы болады. Кей кездері балалар тіспен туады бұл қағидадан ауытқу емес. 6 ай – алғашқы тістің шығуының орташа жасы. Егер 12 айға дейін сіздің балаңыздың алғашқы тісі шықпаса, балалардың тіс дәрігеріне көрініңіз.
08 ақпан 2018 ж. 2 727 2

Гость JeaOrer от 16 ақпан 2019 13:16
Amoxicillin 500 Mg Used For Cephalexin Puppies tadalafil cialis from india buy accutane in the us Kamagra Women Oral Jelly

Гость JeaOrer от 6 наурыз 2019 14:36
Viagra Donde Comprar Precio viagra 50 Mg Amatriptyline Cheap Acheter Du Cialis En Andorre Getvigraincanada