Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жол қауіпсіздігі – әр азаматтың жауапкершілігі

Жол қауіпсіздігі – әр азаматтың жауапкершілігі

Бүгінгі таңда елімізде жол-көлік оқиғаларының алдын алу - аса өзекті мәселелердің бірі. Әрбір азамат өзінің де, өзгенің де өмірі мен денсаулығына жауапты екенін сезінуі тиіс.

Қызылорда облысы Полиция департаменті жыл басынан бері жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытында кешенді іс-шаралар жүргізіп келеді. Соның ішінде «Қауіпсіз жол», «Мотоцикл», «Скутер», «Автобус», «Тасмалдаушы», «Абайлаңыз, балалар!», «Бала – сіздің жолаушыңыз», «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шаралары және «Жолда қабылдау» акциялары бірнеше рет өткізіліп, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары күшейтілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Облыстық ПД Жергілікті полиция басқармасы бастығының орынбасары Мұратбек Манатов баяндады.

«Жыл басталғалы 10 айда жол апатынан қаза болғандар саны 10,9 пайызға төмендегенімен жалпы жол-көлік оқиғалары мен жарақат алғандар саны азаймай тұр. Бұл - алаңдатарлық жағдай.

Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында 18-23 қараша күндері республика көлемінде «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Бұл кезеңде Қызылорда облысында қызмет күшейтіліп, 461 полиция қызметкері жұмылдырылды. Іс-шараның алғашқы екі күнінде облыс көлемінде 1150 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды» - деді Мұратбек Мейрамбекұлы.

Спикер ауа райының құбылмалылығын ескеріп, аса қажеттілік туындамаса алыс жолға шықпауға кеңес берді. Көлік құралдарының тежегіш жүйесін, техникалық сұйықтық деңгейін алдын ала тексеріп, қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырды.
20 қараша 2025 ж. 218 0