Кассациялық соттардың құрылуы - заман талабы
Елімізде сот жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған реформалар жүріп жатыр. Осы реформалар аясында ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап дербес кассациялық сотттар жұмысын бастады.Қазақстан Республикасында кассациялық сот инстанциясы сот төрелігі жүйесін жетілдіру және азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту мақсатында құрылды. Кассациялық сотты құру туралы шешім сот актілерінің заңдылығын жоғары деңгейде бақылауды қамтамасыз етуге, құқық қолдану тәжірибесін бір іздендіруге және әділ сот төрелігінің тиімділігін арттыруға бағытталды.
Кассациялық соттың құрылуы сот жүйесінің жаңа моделін қалыптастыруға мүмкіндік беріп, бұрынғы апелляциялық және қадағалау рәсімдерінің жүктемесін жеңілдетті. Жаңа инстанцияның жасақталуы нәтижесінде сот актілерін қайта қараудың ашықтығы мен қолжетімділігі артты, ал құқықтық дауларды шешу сапасы жаңа деңгейге көтерілді.
Бұл институттың енгізілуі мемлекеттегі құқықтық реформалардың маңызды кезеңі болып саналады және ұлттық сот жүйесін халықаралық стандарттарға жақындатуға бағытталды.
Қортындылай келе елімізде дербес кассациялық соттардың құрылуы заман талабы болғандықтан, адам құқықтарын, ұйымдардың заңды мүдделерін қорғаудың заңдық кепілі және механизімі болып табылады.
Сырғабаева Жұлдыз Бағдатқызы,
Сырдария аудандық соты әкімшісінің
бас маман сот отырысының хатшысы
бас маман сот отырысының хатшысы
Фото: Ашық дереккөзден









