Сәбиді шынықтыру: су және ауа процедуралары
Шынығу балалардың бойында шыдамдылықты дамытып, түрлі аурулардың алдын алады. шынығудың Негізгі факторлары күн сәулесі, су мен таза ауа болып табылады. Шынығу ерте жастан бастап жүргізуге болады. Алайда оны дұрыс жүзеге аспаған жағдайда, балаға зиян келтіріп алуға болады. Сәбиіңіз өсіп, мықты және дені сау болғанын қалайсыз ба? Онда су және ауа процедураларын өткізу бойынша кеңестерді тезірек жазып алыңыз.
Су процедуралары
Сумен шынығуды бірте-бірте бастау қажет.
-Ең жақсысы салқын сумен аяқты жуудан бастаған жөн.
-Үш айға толғанда баланы салқын суға ылғалдандырылған орамалмен сүртуді бастаған жөн. Оған алдын ала дайындық қажет. Әр таң сайын құрғақ жүн матаның бөлігімен қызғылт түске дейін сәби денесін сүртуді бастаңыз, бір аптадан кейін алғашқы сумен сүртуге кірісуге болады. Түкті сүлгіні 37°С суда ылғалдап, аздап сығып, баланың денесін сүртуді бастаңыз. Ең алдымен қолын, одан кейін аяғын, кеудесін, ішін, одан кейін ғана арқасын сүрту қажет. Одан кейін сәбидің денесін құрғақ орамалмен сәл қызарғанша сүртіңіз. Бір жасқа толғанда сүртуді 25°С температурасында жүргізуге болады.
-2-3 айдан кейін сүрткеннен кейін, су құю процедурасына ауысуға болады. Су құю кезіндегі судың температурасы 36°С болуы қажет. Бірнеше күн сайын судың температурасын 20°С-ге жеткенге дейін 1°С төмендетіп отырыңыз. Су құйып болғаннан кейін қолының ұшынан бастап иығына дейін, өкшесінен жамбасқа қарай сәл қызарғанша сүртіңіз. Су құю процедурасының ұзақтығы 1-2 минутты құрауы қажет.
Бала сәл өскенде өзі сумен құйылатын сәтті қуанышпен күтетін болады.
Ауа процедуралары
Ауа процедуралары жаңа туған сәби үшін алғашқы шынықтыру процедурасы болып табылады. Ауа ваннасы кезінде 22-24°С бөлме температурасында баланы киімсіз 1-2 минутқа қалдырады. Ауа процедураларының уақытын аздап ұлғайтып, 6 айлық кезінде ауа процедурасының ұзақтығы 15 минутқа жетуі қажет. Егер баланың ағзасы әлсіз болса, қолы мен аяғын кезектеп ашу арқылы процедураға жайлап көшіңіз.
Егер бала әлсіз болса, ауа процедурасын сақтықпен бастаған жөн. Ең алдымен тек қана қолын ашып , бір аптадан кейін беліне дейін, тағы да бір аптадан ғана кейін толығымен шешіндірген жөн.
Жаз мезгілінде жаңа туған сәбиді (егер оның салмағы 2500 г артық болса)туғаннан кейін далаға ең алдымен 20-40 минутқа одан кейін тәулігіне 6-8 сағатқа дейін ұлғайтып шығаруға болады. Ультра күлгін сәулелер ағзаның иммундық жүйесіне оң әсер етеді, алайды сәбидің жұмсақ терісі жылдам күйіп қалатындығын естен шығармау қажет. Сондықтан да сәбиді тікелей күн сәулесінің астында ұстауға қатаң түрде тиым салынады.
Егер сәби қыс мезгілінде туса, алғашқы айында температура -5°С төмен болмаса серуендеу уақыты 20 минутты құрайды. Уақыт өте келе серуендей уақытын 1-2 сағатқа дейін ұлғайтыңыз. Үш айлық жасқа дейінгі балаларға салқын тиіп қалудан сақтау үшін қол арбада емес қолда ұстау керек. Үш айдан бастап алты айға дейін бала -10°С температурада серуендей алады, алты айында сәбиді -15°С аяз кезінде серуендеуге шығаруға болады.
Пікір 2