Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа туған балалардың әкелеріне кеңестер

Жаңа туған балалардың әкелеріне кеңестер


Мұны жай ғана жасаңыз! Дүниеге сәби келгенде шет жақта тұрмаңыз (отырмаңыз, жатпаңыз).баланы қолға алуға, онымен сөйлесуге қорықпаңыз. Физикалық жақындық баланың сіздің жанасуларыңызды, сіздің дауысыңызды есте сақтауға және тануға көмектеседі. Бұл сенімге артуға әкеледі және сәбиіңізге қауіпсіздік сезімін қамтамасыз етеді. Өзіңізге сеніңіз. Аналар да толқу мен кішкентай сәбиіне зиян тигізіп алуға қорқады. Олар мұны көбінде көрсетпейді. Егер бала жылауын бірден тоқтатпаса, бұл сіздің қатеслескеніңізді және бірдеңені дұрыс жасамағаныңызды білдірмейді. Уақытыңызды балаңызбен оңаша өткізіңіз. Бөтен адамдарсыз сіз өзіңізді сенімді сезінетін боласыз және «жаттығып», баланы күтудің дағдыларына ие боласыз. Егер мүмкіндігіңіз болса, әйеліңізбен бірге ата-аналарға арналған сәбиді күту жөніндегі семинарларға қатысыңыз.
Бірлесіп оқу тек пайда әкеледі! Әйеліңізбен бірге дәрігерге бірінші тексерілуге барыңыз. Егер сіз оның денсаулығы мен педиатрдың ұсныстары туралы білетін болсаңыз, өзіңізді аса сенімді сезінесіз. Анасының орнына сәбиге кітап оқып беріңіз. Бұл сәбидің сіздің дауысыңызға үйренуінің тағы да бір әдісі. Өзіңіз бала кезіңізді сүйіп оқыған кітаптарыңызды таңдаңыз – және оқыңыз. Кітап оқу – уақытты бірге тамаша өткізу болып табылады. Балаңызбен әңгімелесіңіз, ән салып беріңіз, ақыры – би билеңіз! Бұл ойлағаннан да жеңіл. Репертуар әртүрлі бола алады. Ән – бұл қатынасу, балаға ән салған Оны тамақтандырыңыз. Егер бала емшек еметін болса, онда сауылған сүт құйылған бөтелкені беріуіңізге болады. Өз міндеттеріңіз жайлы ұмытпаңыз және оларды қуана орындауды үйреніңіз. Екеуіңіз де – ата-анасыз, баланы күту – сіздердің ортақ істеріңіз. Жұмыстан келген кезде, теледидардың алдына, диванға жатып алмаңыз. Үйде сіз – әкесіз, және сәби тәрбиесіне өз үлесіңізді қосу керексіз. Мұны естен шығармаңыз.
08 ақпан 2018 ж. 1 680 0