ҚҰЛАШТЫ КЕҢ СЕРМЕЙТІН КЕЗЕҢ КЕЛДІ
Кеше Өңірлік коммуникация лар қызметінде аудан әкімінің орынбасары Б.Өтегенова аудан көлемінде өткен жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы уақытта орындалатын міндеттер туралы БАҚ өкілдеріне арнап баспасөз-конференциясын өткізді. Оған республикалық, облыстық БАҚ өкілдері қатысты.
Баспасөз конференциясында аудан әкімінің орынбасары Балшекер Сұлтанбекқызы 2017 жылы атқарылған жұмыстар жөнінде баянда ма жасап, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына кеңінен тоқталды. Былтырғы жыл аудан үшін табысты болғанын айтып, жоспарлы жұмыстар жүргізіліп, барлық салада ілгерілеу бар екенін атап өтті.
– Жаңа 2018 жылды аудан тұрғындары мен еңбеккерлері табысты да мерекелі көңілкүймен қарсы алды. Бірлескен жұмыстардың нәтижесінде барлық маңызды салалар бойынша дамудың оң динамикасына қол жеткізілді. Бүгінде Сырдария ауданының әлеуметтікэкономикалық, рухани және мәдени салалары қарқынды даму үстінде. Ерекше «экономикалық кезеңге» қарамастан 2017 жыл – ауданымыз үшін жетістіктер мен жаңалықтарға толы, табысты жыл болды. Аудан бойынша 2017 жылы 2091 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркеліп, онда жұмыспен қамтылғандар саны 5780 адамды құрады. 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 12,2 пайызға өсті. Өткен жылы құрылыс жұмыстарының көлемі төрт есеге ұлғайып, 14,2 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл көрсеткіш 2016 жылмен салыстырғанда 10,7 пайызға, ал 2013 жылмен салыстырғанда 55,7 пайызға дейін артты. 2017 жылы аудан экономикасына 52 млрд. 581 млн. теңге негізгі капиталға инвестиция тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,2 есеге артық орындалды, - деді аудан әкімінің орынбасары.
Қазіргі таңда халық жағдайының жақсаруы үшін жаппай кәсіпкерлікті дамытудың маңызы зор. Бұл, тиісінше, жаңа жұмыс орындарын ашуды және қоғамдық саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Өткен жылы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы арқылы құны 13,9 млн. теңгені құрайтын 19 жоба грант тетігі бойынша қаржыландырылса, құны 70 млн. 300 мың теңгені құрайтын 3 жоба екінші деңгейлі банк арқылы қаржыландырылған, 231 адам «Бизнес кеңесші» тетігі бойынша оқытылған.
Ал, «Өңірлік инвестициялық орталығы» арқылы ауданнан 2017 жылы құны 32,0 млн. теңгені құрайтын 3 жоба қаржыландырылыпты. Сонымен қатар, «Даму Аймақтар» өңірлік бағдарламасы аясында бір шаруа қожалық «Айналым қаражатын толықтыру» жобасы бойын ша 30 млн. теңге қаржы алған. Жалпы, ауданда «Даму» бағдарламасы аясында 2016-2017 жылдары 2,7 млрд. теңгені құрайтын 64 жоба жүзеге асырылған. Осындай көрсеткіштерге тоқталған аудан әкімінің орынбасары ағымдағы жылы кәсіпкерлік саласын дамытуға ерекше басымдық берілетінін мәлімдеді.
Баспасөз мәслихатында аудан әкімінің орынбасары Б.Өтегенова ауданда биылғы жылы көпір мәселесі түбегейлі шешімін таба тынын, сондай-ақ, газдандыру жұмыстарына қаржы жоспарланғанын тілге тиек етті. Оған қоса, тұрғын үй мәселесі де жыл артқан сайын шешімін тауып келе жатқандығын айтты. Ал ағымдағы жылдың басты ерекшелігі – Сырдария ауданының құрылғанына 90 жыл. Осыған орай, аудан көлемінде кең көлемде маңызды шаралар ұйымдастырылмақ. Оның ішінде, атақты жазушы, драматург Қалтай Мұхамеджанов пен Әбірәш Жәмішевтың туғанына 90 жыл толуына мәдени-көпшілік шаралар өтетін болады.
БАҚ өкілдерімен кездесуде журналистер кәсіпкерлік, егін шаруашылығы, ҰБТ-ға дайындық барысы жөнінде сұрақтарын қойды. Сауалдарға жан-жақты жауап берген аудан әкімінің орынбасары Қалжан ахун ауылындағы «Аласиыр» каналының қорғаныс бөгетіне жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге қолдау көрсетіп, оң шешілуіне ықпал еткені үшін облыс әкімі Қ.Көшербаевқа аудан халқының атынан алғыс айтты. Баспасөз мәслихаты қорытындысында ауданда атқарыл ған жұмыстарды ақпараттандыруға зор үлес қосып келе жатқан журналистердің жұмысына сәттілік тіледі.
Е.БЕРКІНБАЕВ