Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСЫН ТАБАДЫ

ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСЫН ТАБАДЫ


Бүгін Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2016 жылғы 5 ақпандағы "Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы" №190 Жарлығына сәйкес С.Сейфуллин ауылдық округінде есеп беру жиыны өтті. Жиынға облыстан бекітілген өкіл ретінде облыстық қаржы басқармасының басшысы Т.Жақыпбаев, облыстық мәслихат депутаты Р.Есенов, аудандық мәслихат хатшысы Е.Әжікенов, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім, мекеме басшылары, ауылдық округ тұрғындары мен БАҚ өкілдері қатысты. Есеп беру жиынында Сырдария ауданының әкімі Ғанибек Қазантаев есепті баяндама жасады. Былтырғы жылы жоспарлы жұмыстардың барлығы іркіліссіз іске асқанын атап өткен аудан басшысы жүйелі жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатынын жеткізді. Сонымен бірге, ауданның барлық саласында дамудың оң динамикасы қалыптасқанын айтып, Сырдария ауданының әлеуметтік-экономикалық, рухани және мәдени салалары қарқынды дамып келе жатқанына тоқталды. Жиын барысында 2017 жылы С.Сейфуллин ауылдық округінде атқарылған жұмыстар жөнінде ауыл әкімі М.Қаратаев баяндады. Ауылдық учаскелік полиция инспекторы С.Искендинров қылмысты болдырмау мен алдын алу бағытында жүргізілген профилактикалық іс-шаралардың есебін берді. Жиында ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Баймұрат аудан әкімінің есебіне жоғары баға беріп, шынайы ризашылығын білдірді.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.



19 қаңтар 2018 ж. 1 270 0