Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ШЫРША ШАМЫ ЖАҒЫЛДЫ

ШЫРША ШАМЫ ЖАҒЫЛДЫ


Бүгін Сырдария ауданында жаңажылдық шыршаның ашылу салтанатты өтті. Мерекелік шарада аудан әкімінің орынбасары Б.Өтегенова мен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Х.Әбенов сөз сөйлеп, жиналғандарды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. 
– Біз Тәуелсіздікке аға буынның қажырлы еңбегінің арқасында қол жеткіздік. Бүгінде егемен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы қарқынды. Алдағы уақытта да ел бірлігінің негізінде жасампаз жұмыстар атқарыла беретініне сенім мол. Сырдария ауданы 2017 жылды табысты қорытындылап отыр. Барлық салада өсу, даму бар. Көш басындағы аудан күріштен рекордтық өнім алды. Құрылыс жұмыстары үш есеге артты. Келесі жылы да жүйелі жұмыстар жүргізіледі. Жаңа жыл мейрамы бәрімізге зор денсаулық, амандық, құт-береке әкелсін! Әрбір күніміз жақсылыққа, қуанышқа, шаттыққа және бақытқа толы болсын! Жаңа 2018 жыл құтты болсын!,- деген Б.Сұлтанбекқызы Жаңа жыл мерекесі аясында ұйымдастырылған іс-шаралар жөнінде мәліметтерді айтып өтті. Мерекелік кеште театрландырған-музыкалық қойылымдар қойылып, көпшілік назарына концерттік бағдарлама ұсынылды. Шара соңы отшашуға ұласты. Сонымен бірге, еңбек ардагері Р.Бәйменов бата берді.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
28 желтоқсан 2017 ж. 1 649 0