Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » БАРЛЫҚ САЛАДА ӨСІМ БАР

БАРЛЫҚ САЛАДА ӨСІМ БАР


Бүгін Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 Жарлығына сәйкес Қалжан ахун ауылдық округінде есеп беру жиыны өтті. Жиынға облыстан бекітілген өкіл ретінде облыстық қаржы басқармасының басшысы Т.Жақыпбаев, облыстық мәслихат депутаты Р.Есенов, аудандық мәслихат хатшысы Е.Әжікенов, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім, мекеме басшылары, ауыл тұрғындары мен БАҚ өкілдері қатысты. Жыл бойы атқарылған жұмыстар сараланып, алда тұрған мақсат-міндеттерайқындалатын кездесуде аудан әкімі Ғанибек Қазантаев есепті баяндама жасады. Былтырғы жылы жоспарлы жұмыстардың толығымен іске асқанын атап өткен аудан басшысы жүйелі жұмыстар жалғасын табатынын жеткізді. Сонымен бірге, барлық салада өсім бар екенін айтып, Сырдария ауданының әлеуметтік-экономикалық, рухани және мәдени салалары қарқынды дамып келе жатқанына кеңінен тоқталды. Жиын барысында 2017 жылы Қалжан ахун ауылдық округінде атқарылған жұмыстар жөнінде ауыл әкімінің міндетін атқарушы Б.Көрпелдесов баяндады. Ауылдық учаскелік полиция инспекторы Н.Мешітбаев қылмысты болдырмау мен алдын алу бағытында жүргізілген профилактикалық іс-шаралардың есебін берді. Жиында ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Ерташов сөз сөйлеп, атқарушы билік өкілдерінің есебіне жоғары баға берді.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
19 қаңтар 2018 ж. 1 472 0