Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 газет

09 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Жолдауды сала мамандары талқылады

Жолдауды сала мамандары талқылады

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалының аудандық бөлімінде ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын ұжым мүшелері арасында насихаттау мақсатында жиналыс өтті.
Жиналыста бөлім басшысы Ж.Ембергенов еліміздің басты құжатын басшылыққа ала отырып, мекемеде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Корпорацияда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер негізінен электронды формат түрінде. Бұл ашықтықты, мөлдірлікті қамтамасыз етіп, сыбайлас жемқорлықты болдырмауға ықпал жасайды. Үстіміздегі жылдың 1 қарашасынан бастап еліміз бойынша мекен жай анықтамасын беру тоқтатылады. Бұл тұрғындарды қағазбастылықтан арылтып, бұрынғыдай аудан орталығына ауыл-ауылдардан бір анықтама үшін сабылып келуін болдырмайды.
Бөлімде Жолдауда насихаттауға, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға арналған семинар-кеңес, дөңгелек үстел тұрақты өткізіліп келеді.
Аудандық бөлімдегі басқосуға Nur Otan партиясы аудандық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы Ш.Нұрсейітов қатысып, Жолдауда сыбайлас жемқорлықпен күреске ерекше мән берілгенін, осы қауіпті кеселге қарсы ауданда жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты.

Ш.БАЛТАБАЙҰЛЫ
29 қазан 2019 ж. 851 0