Мәслихаттар сайлауы
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа мақсаттар – жарқын ел болашағының негізі

Жаңа мақсаттар – жарқын ел болашағының негізі

Мемлекет дамуының басым бағыттарын саралап, ел ертеңіне қатысты маңызды мәселелерді ортаға салу мақсатында «Айдарлы» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен Жолдауды талқылауға арналған ақпараттық кездесу өтті.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауында көтерілген өзекті мәселелер кеңінен қарастырылды. Атап айтқанда, ауылдық аумақтарды дамыту, халықты әлеуметтік қолдау, экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, білім беру сапасын жақсарту және азаматтардың өмір сүруіне қолайлы орта қалыптастыру мәселелеріне назар аударылды.

Жиынға қатысушылар ел дамуының жаңа кезеңінде әр саланың өзекті міндеттерін уақытылы орындау маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ, ауыл тұрғындарының талап-тілектерін ескеру, жергілікті жерлердегі мәселелерді шешуге атсалысу және қоғамдық бастамаларды қолдау жөнінде пікір алмасты.

Талқылау барысында партиялық ұйымдардың негізгі міндеті – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын халық арасында түсіндіріп қана қоймай, тұрғындармен бірлесе отырып, нақты нәтижеге бағытталған жұмыстарды жүзеге асыру екені айтылды.

Кездесу соңында қатысушылар елдің тұрақты дамуы жолында күш біріктіріп, қоғамдық белсенділікті арттыруға және туған өлкенің әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне үлес қосуға дайын екендіктерін білдірді.

20 қараша 2026 ж. 34 0