Жемқорлықты тежеу өзекті мәселе
Аудандық Қазынашылық басқармасында қоғамның қауіпті кеселі – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен болдырмауға арналған дөңгелек үстел өтті.
Бұл басқосуда басқарма басшысы З.Рахымшаева қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихат жұмыстары ұдайы жүргізілетінін, соның нәтижесінде мемлекеттік қызметкерлерінің Әдеп кодексінің талаптары ұжымда қатаң сақталып отырғандығын баяндады.
Өз кезегінде аудандық полиция бөлімі басшысының кадр жөніндегі орынбасары, полиция майоры А.Нұржанов бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы өткізіліп жатқан шаралармен таныстырды.
– Бүгінде қызметкерлердің жалақасы өсті. Арам ақшаға жалтақтамай жұмыс жасауға болады. Полиция қызметкерлері арасында қызметін асыра пайдаланудың жолын кесу үшін рейдтер жүргізілді. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алып, полиция имиджін көтеруге жұмыстар жасалуда, – деді Артур Советұлы.
«Nur Otan» аудандық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы Ш.Нұрсейітов ұжымдарда өткізіліп жатқан осындай игі шаралардың нәтижесінде соңғы екі жылда ауданда сыбайлас жемқорлық фактілерінің болмағанын атап өтті.
Дөңгелек үстелді басқарма басшысы З.Рахымшаева қорытындылады.
Ш.БАЛТАБАЙҰЛЫ