Ел мүддесі – ортақ мақсат, болашақ – ортақ жауапкершілік
Мемлекет басшысының ел дамуына арналған стратегиялық бастамаларын қолдау және Жолдауда белгіленген міндеттердің маңызын түсіндіру мақсатында «Бесарық» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен ақпараттық кездесу ұйымдастырылды.Кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауындағы негізгі бағыттар талқыланып, еліміздің алдағы даму кезеңіне арналған жоспарлар жөнінде пікір алмасты. Қатысушылар ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсарту, кәсіпкерлікті дамыту, жастарды қолдау, халықтың табысын арттыру және әлеуметтік инфрақұрылымды жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударды.
Сонымен қатар, Жолдауда айтылған бастамаларды жергілікті деңгейде жүзеге асырудың маңызы сөз болып, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына әрбір тұрғынның қосар үлесі туралы ой қозғалды. Қатысушылар ел игілігіне бағытталған жұмыстарда ауызбіршілік пен белсенді азаматтық ұстанымның рөлі зор екенін жеткізді.
Басқосу барысында партия мүшелері халықтың ұсыныс-пікірлерін ескеру, өзекті мәселелерді бірлесе шешу және мемлекеттік бастамалардың орындалуына қоғамдық қолдау көрсету қажеттігін атап өтті.
Жиын түйінінде қатысушылар елдің өркендеуі жолындағы реформаларға қолдау білдіріп, туған жердің дамуына үлес қосу, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты сақтау бағытындағы жұмыстарды жалғастыруға ниетті екендіктерін жеткізді.










