Мәслихаттар сайлауы
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Бірлік пен белсенділік – дамудың басты кепілі

Бірлік пен белсенділік – дамудың басты кепілі

Ел болашағына бағытталған маңызды бастамаларды талқылау және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауында айқындалған міндеттерді түсіндіру мақсатында «Аманкелді» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен мазмұнды кездесу өткізілді.

Басқосу барысында қатысушылар Жолдаудың негізгі басымдықтарына тоқталып, еліміздің тұрақты дамуы мен халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстар жөнінде ой бөлісті. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығын қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу, жастарға мүмкіндік жасау, әлеуметтік мәселелерді шешу және елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту бағыттары талқыланды.

Кездесу барысында әрбір азаматтың қоғам өміріне белсенді араласуы, елдегі өзгерістерге бейжай қарамай, ортақ мақсат жолында жұмыла жұмыс істеуі маңызды екені айтылды. Қатысушылар өз ойларын ортаға салып, ауылдың дамуына қатысты ұсыныстарымен бөлісті.

Жиын соңында қатысушылар ел тұрақтылығы мен қоғамдық келісімді сақтау, туған жердің дамуына үлес қосу және Жолдауда белгіленген міндеттердің орындалуына белсенділік таныту – баршаның ортақ міндеті деген пікірге тоқталды.

20 қараша 2026 ж. 37 0