Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІ ЖОЛДАУҒА ҚОЛДАУ ТАНЫТТЫ

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІ ЖОЛДАУҒА ҚОЛДАУ ТАНЫТТЫ


 «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаевтың  төрағалығымен өткен кеңес отырысының күн тәртібінде Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауынан туындайтын міндеттер талқылады.
    Жиынға кеңес мүшелерімен қатар мемлекеттік  және  ҮЕҰ өкілдері, тіл мамандары, тарихшылар мен белсенді жастар және БАҚ өкілдері қатысты.
    Кеңестің отырысын ашып, жиынды жүргізген аймақтық  «Мирас» қоғамдық кеңесінің төрағасы, облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев елімізді саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани жаңғыртудың 10 басым бағытын айқын белгіленген маңызды құжатты насихаттау, түсіндіру партиялықтардың алдында тұрған міндеттердің бірі екендігін айтты. Сондай-ақ кеңес төрағасы күнделікті өмірдің ең көкейкесті деген салаларына назар аудартып отырған Жолдаудың алғы шарттарын да тілге тиек етті.
    -Қазақстандық индустрия жаңа технологияны енгізудің бастаушысы болуы тиіс. Бізге бұған өндірістік процестерді цифрландыру және заманауи бизнес-модельдерді игеру арқылы еңбек өнімділігін арттыру есебінен қол жеткізуге болады. Банк жүйесін сауықтыру, агроөнеркәсіп кешенін, көлік және логистикалық инфрақұрылымды дамыту есебінен қаржы секторының жұмысын көбейтуге байланысты мәселелер де күн тәртібінде тұр. Заң үстемдігін нығайту және сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты жайларға да ерекше назар аударылады. Осыған байланысты Мемлекет басшысы мемлекеттік органдарда олардың тұрғындармен және бизнеспен өзара әрекетін, сондай-ақ сот және құқық қорғау жүйелерінің институционалдық қайта құрылымын қамти отырып, процестерді цифрландыруды талап етіп отыр,- деп атап өтті ол.
    Отырыста кеңес мүшелері Елбасы Жолдауының 7 бөлімінде көрсетілген адами капиталды дамыту мәселелеріне кеңінен тоқталды.
    Мәншүк Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің директоры  Бақытжан Сайлыбаев барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жетілдіру, жаңа білімді меңгеру мәселелеріне қатысты пікірін білдірді.

26 қаңтар 2018 ж. 1 019 0