МЕМЛЕКЕТ ДАМУЫНЫҢ ТІРЕГІ
«Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалында «Теміржол» БПҰ-ның ұйымдастыруымен «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылау мақсатында дөңгелек үстел отырысы өтті.
Шараға «НұрОтан» партиясы Қармақшы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихат депутаты, Д. Буханов ашып жүргізіп, жолдаудың он міндетіне тоқталды. Жиын барысында «Теміржол» бастауыш партия ұйымының төрағасы А. Скендиров баяндама жасап, бастауыш партия ұйымына қарасты топтық ұйымдардың Елбасы жолдауын насихаттау, қолдау мақсатында сала, кәсіпорын қызметкерлеріне бүгінгі күнде жұмыстар жүргізіліп жатқандығы жөнінде айта келе жолдаудағы тоғызыншы міндет «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі» жайлы пікірін білдіріп, бұл бағытта партия мүшелері ұдайы жұмыс жүргізетіндігін жеткізді. Сондай ақ, «Жастар ресурстық орталығының» директоры, аудандық мәслихат депутаты М.Ибраев Елбасы жолдауына аудан жастары да әрқашан қолдау білдіретіндігін тілге тиек етсе, Теміржол» БПҰ-на қарасты №250 мектеп топтық ұйымының жетекшісі, мектеп директоры Г.Еркебаева жолдаудағы жетінші міндет адами капитал- жаңғыру негізі бағытына тоқталып, барлық жастардағы азаматтарды қамтитын білім беру ісіне ұдайы үлес қосатындығын, және мектеп ұстаздарының арнайы білімін жетілдіру курстарында тағылымдамадан өтіп, жас ұрпаққа сапалы білім беретіндігін сөз етті.