Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » МАҚСАТЫ АЙҚЫН ҚҰЖАТ

МАҚСАТЫ АЙҚЫН ҚҰЖАТ


Дүниежүзі жедел да­му үстінде. Жаңа тех­нологиялар күн сай- ын өз мүмкіндіктерін көрсетуде. Бүгінгі көрініс адамның ойлағанынанда артық болып жатыр. Оны меңгеру, игеру үшін білім мен қырағылық, бейімделгіш қасиет керек. Осы ретте биылғы Елбасының Жолдауы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» деп аталуы бекерден емес.
Бұл жаңа дәуірдің басталуының белгісі. ХХІ ғасыр – білімділер ғасыры. Жедел ақпарат пен санды технологиялар зама- ны. Елбасы Жолдауы «Қазақстан – 2050» Стратегиясының, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының жалғасы. Ең негізгі міндеті – елдегі тұрақтылықты сақтау. Әлеуеті жоғары мемлекет болу. Ол үшін қоғамдағы барлық салаларды цифрландыру, заманауи технологияларды енгізу, Жолдауда айтылған 10 міндет – төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы ел дамуының негізгі қадамдары болмақ.
Міндеттердің арасында жетіншісі – Ада- ми капитал – жаңғыру негізі деп аталған. Шын мәнінде мемлекетіміздің байлығы – адам. Жаңа өмірге икемі бар, жақсы білімді меңгерген халық жетістікке жетеді. Кез- келген жаңалықты ашатын, жаңа техно.логияны ойлап табатын да адамның миы. Қазір барлық мүмкіндіктер бар. Жоғары сапалы компьютерлерді меңгеру кәсіби біліктілікті талап етеді. Барлық адам қол жеткізе алатын кәсіби мамандану, озық ойлы ұрпақ тәрбиелеу ұстаздардың міндеті. Ол үшін мұғалімдер түгелімен біліктіліктерін арттырып, өз пәндерін үш тілде меңгеруі тиіс. Қазір балабақшадан бастап ағылшын тілін үйрету қолға алынды.
Ал, келешек латын әліпбиінде екенін білеміз. Келер ұрпақ латын графикасымен оқып, жазатын болады. Біз қазірдің өзінде осыған бейімделуіміз қажет. Әлем тіліне айналған латын мемлекетімізді дүниежүзіне танытады. Жалпы үштілділікті меңгеру уақыт күттірмейтін мәселе. Себебі Елбасы өзінің рухани жаңғыруында келер жылдан бастап жоғарғы сыныпта жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқытуға тапсырма берді. Осылайша, білім берудің жаңартылған мазмұнына көшу әрі қарай жалғасып, тиісінше ұстаздардың жалақысы өсетін болады.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы барлық салада көрініс табуда. Әсіресе, білім ошақтарында бұл бағдарлама толықтай іске асуда. Қазір интернет желісіне қосылмаған бірде-бір мектеп жоқ. Интерактивті тақтамен жұмыс істеп, он-лайн режімде бейнесабақтар көріп, мұғалімдер өз тәжірибелерімен бөлісу – бүгінгі күннің талабы.
Сондай-ақ адам өмірі үшін маңызды фактордың қатарында әлеуметтік қамсыздандыру мен жұмыспен қамту мәселесі тұр. Мемлекет тарапынан жаңа жұмыс орындарын ашу, кіші және орта бизнесті дамытуға жеңілдіктер қарастыру, көмектесу маңызды құжатта айтылған міндеттердің бірі.
Дені сау ұрпақ – дені сау ұлт. Салауатты өмір салтын насихаттау,аурудың алдын алу, амбулаторлық емге көшу – медицина саласына жүктелген міндет. Денсаулық са- ласында электрондық денсаулық паспортын енгізу қолжетімді, әрі тиімді медициналық көмектің кепілі. Бұл өз кезегінде ауруларды ерте анықтауға, емдеуге жүйелі жұмыс көрсеткішін қамтамасыз етеді.
Мұнан басқа Жолдауда жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігін орнатуды жетілдіру міндеті қойылды. Бұл бағытта да цифрлық жүйе – ашықтықты белгілейді. Ал, ашықтық болған жерде сыбайластық орын алмайды. Мемлекет басшысы осы маңызды құжат арқылы халықтың тұрмыс деңгейін, өмір сүру сапасын арттырудың ерекше мәнін айтып, біртұтас ұлт болу мақсатын айқындады.
Б.ЖАНӘЛІ
03 ақпан 2018 ж. 1 114 0