ЖҰДЫРЫҚТАЙ ЖҰМЫЛУ – АУЫЗБІРЛІКТІҢ БЕЛГІСІ
Елбасы Н.Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арналған Жолда- уында әлемнің дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін нақты бағыт-бағдар берді. Сондықтан осы Жолдауда 10 міндетті қойды.
Біріншісінде аталған басты талап-жаңа технологияларды енгізу қажеттілігі айтылған. Дамыған мемлекеттермен терезесі тең ел болуға адамзатқа ең әуелі білім қажет. Орта білім беру саласында жаңартылған мазмұнға көшуде жеделдету тиіс екендігі, нәтижесінде бағдарламаларға өзгерістер еңгізіп, білім беру сапасын көтеру маңызды екені айтылды. Заманауи технологияларды меңгеретін ұрпақ тәрбиелеу педагог-кадрларға жүктелген міндет.
Елбасы алдағы уақытта жүзеге асыратын мақсат-міндеттердің қатарына құрылыс пен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында заманауи технологияларды қолдануды айтып өтті. Бұл ретте біздің ауданда қарқынды жүзеге асқан құрылыс саласында шын мәнінде құрылыстың жаңа тәсілдері қолданылуда. Өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін жаңа тұрғын үйлер өте жайлы, әрі сапалы салынуда. Келер жылдан бастап бой көтеретін көп қабатты тұрғын үйлер де заманауи талаптарға сәйкес салынбақ. Инфрақұрылымдық жүйеге келтірілген жер телімдері тұрғындарға беріліп, алдағы жылы жаңа шағын аудан құрылысы басталатынын білеміз. Әрбір қазақстандықтың баспаналы болуы, ел әлеуетін арттыру билік басындағыларға берілген тапсырма. Ал, аталған міндеттерді орындау үшін қоғам болып жұмыла кірісу ауызбірліктің белгісі. Елбасы айтқандай «жұдырықтай жұмылу» жарқын болашағымыздың кепілі.
Ұлмекен ЖАНӘЛИЕВА,
«Сырдария ауданының әйелдері» қоғамдық бірлестігінің төрайымы
«Сырдария ауданының әйелдері» қоғамдық бірлестігінің төрайымы