Мерейтой құтты болсын!
Ауданда халықты жергілікті жаңалықтармен, танымдық, тәрбиелік дүниелермен сусындатып отырған «Тіршілік тынысы» газеті бар. Мерзімді басылым сырдариялықтарға жан-жақты, қызықты ақпараттар ұсынуда. Тұрғындар жергілікті басылым арқылы ауданда атқарылып жатқан жұмыстарды біліп отыр деп сенемін.
Төл газет биыл 85 жылдық мерейтойын атап өтуде. Бұл бір күнде немесе бір айда ғана тойланатын мерейтой емес, бұл жыл көлемінде аталып өтілуі тиіс дата. Сондай-ақ сапалық мазмұны терең іс-шаралар өткізетін кезең. Жақында аудандық газеттің мерейтойына орай іс-шаралар жоспары бекітілгенін оқыдым. Жоспар жақсы әзірленіпті. Мүшәйра, эссе байқауы, сондай-ақ ғылыми-практикалық конференция, кітаптың тұсаукесері, тақырыптық кездесулер өткізіледі деп жоспарланыпты. Мұның бәрі қаламгерлерге деген шынайы құрметтің белгісі.
Аудандық газетте аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстар жақсы жариялануда. Оның ішінде мәслихаттың және мәслихат депутаттарының да жұмысы ақпараттандырылуда. Бір сөзбен айтқанда, редакцияда үйлесімді жұмыс жүйесі қалыптасқан. Аға буын өкілдері салған сара жолды жас журналистер абыроймен жалғап келеді. Бұл сөзімізге соңғы жылдары басылым таралымының артуы дәлел. Сол себепті 85 жылдық мерейтойға қаламгерлер зор абыроймен, жақсы жетістікпен жетіп отыр деп айта аламыз. Депутаттық корпустың атынан аудан жаңалықтарының жаршысы болған төл газеттің мерейтойымен құттықтаймын!
Ержан ӘЖІКЕНОВ,
Сырдария аудандық мәслихатының төрағасы