Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№58 газет

04 тамыз 2026 ж.

№57 газет

01 тамыз 2026 ж.

№56 газет

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Аудан айнасына айналған басылым

Аудан айнасына айналған басылым

Газет – сауаттылық пен эстетиканың жаршысы, жаңалық­тарды жеткізуші құрал. Таным мен тәрбие де баспасөзде. Сон­дықтан әрбір көзі ашық, көкірегі ояу азамат газет-журнал оқуы тиіс.

Ауданда халықты жергілікті жаңалықтармен, танымдық, тәр­биелік дүниелермен сусындатып отырған аудандық «Тір­шілік тынысы» газетін көпшілік жақсы біледі. Аудандағы жалғыз басылым сырдариялықтарға жан-жақты, қызықты ақпараттар ұсынуда. Сондықтан тұрғындар жергілікті басылым арқылы ауданда атқарылып жатқан жұмыстарды біліп отыруы қажет.

Бүгін аудан айнасына айналған басылымның 9000-шы нө­мірі халыққа тарады. Бұл басылымның осынша уақыт ха­лықты жағымды жаңалықтармен, рухани азықпен қамтып келе жатқанын білдіреді. Осы ретте, әркез жаңашылдыққа, ізде­ніске бастамашыл болып келе жатқан ұжым жұмысына шығар­машылық табыс тілеймін! Аудандағы елеулі жаңалық­тарды ауылдағы ағайынға жеткізіп отырған «Тіршілік тынысы» газе­тін аудан жұртшылығы ізденіп оқитынына сенімдімін.


Мұрат ЕРГЕШБАЕВ,
Сырдария ауданының әкімі
13 қараша 2021 ж. 913 0