Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » 85 жылдық мерейтой құтты болсын!

85 жылдық мерейтой құтты болсын!

Ата-бабамыздың атақонысы болған, өзіміздің кіндік қанымыз тамған қасиетті Сыр өңірінің әрбір жақсы жаңалығы, жетістігі біз үшін ерекше қуаныш. Облыстың бірнеше ауданында қызмет еткендіктен барлық ауданның тыныс-тіршілігіне шынайы тілектес болып, айтулы даталарына мән бергенді жөн көремін.

Өздеріңізге белгілі, мен 2021-2023 жылдары Сырдария ауданының әкімі қызметін атқардым. Тарихы бай, бірлігі бекем, тірлігі көркем ауданның дамуында биыл 85 жылдығы аталып өтілетін аудандық газеттің алатын орны ерекше. Газетте шығармашылықтың шыңына шыққан талай азаматтар жемісті еңбек етті. Ауданды басқарған кезеңде «Тіршілік тынысы» газетінің әр нөмірін үзбей оқып, жергілікті жаңалықтармен танысып шығатынмын. Газеттің бас редакторы Ақтөре Ибрагимұлымен және шығармашылық топ мүшелерімен бірнеше рет кездесіп, ақпараттық-насихаттық жұмыстарды үйлестіргеніміз есімде. Жергілікті басылым әркез біздің жұмысымызға ақпараттық қолдау көрсетіп, халық пен билік арасына алтын көпір бола білді.


Сондықтан бүгін айтулы мерейтойын атап өтіп жатқан қаламгерлерге шынайы ризашылығымды білдіріп, шығармашылық табыс тілеймін.

Қазақ тілін дамыту, қазақы оқырмандардың аудиториясын кеңейтудің маңыздылығын соңғы өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы кеңінен айтып өтті. Дәстүрлі медиа мен жаңа медианы ұштастырудың маңызы жоғары. Осы ретте аудандық Сырдария аудандық «Тіршілік тынысы» газеті өз жұмысын жаңа заман талабына сай жетілдіріп, әлеуметтік желіде де белсенді жұмыс істеуде. Бұл – өте дұрыс бағыт. Мен аудандық газеттің оқырмандары артып, басылым беделі биіктей береді деп сенемін. 85 жылдық мерейтой құтты болсын!

Мұрат НӘЛХОЖАҰЛЫ,
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты
26 наурыз 2024 ж. 151 0