Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№23 газет

01 сәуір 2025 ж.

№22 газет

29 наурыз 2025 ж.

№21 газет

23 наурыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Жергілікті газет – жаңалықтардың жаршысы

Жергілікті газет – жаңалықтардың жаршысы

Газет – сауаттылық пен эстетиканың жаршысы, жа­ңалықтарды жеткізуші құрал. Таным мен тәр­бие де баспасөзде екені белгілі. Сондықтан әрбір көзі ашық, көкірегі ояу азамат газет-журнал оқуы тиіс.

Ауданда халықты жергілікті жаңалықтармен, танымдық, тәрбиелік дүниелермен сусындатып отырған «Тіршілік тынысы» газеті бар. Аудандағы жалғыз басылым сырдариялықтарға жан-жақты, қызықты ақпараттар ұсынуда. Сондықтан жергілікті тұрғындар жергілікті басылым арқылы ауданда атқарылып жатқан жұмыстарды біліп отыруы қа­жет.

Өзім де әр жұмыс күннің басталуында республикалық, облыстық, аудандық газеттердегі ақпараттармен танысамын. Оның ішінде, ең алдымен аудандық газеттегі жаңалықтарды оқимын. Қызметтік жиындар барысында және сапарларда әріптестерімнің жергілікті басылымды оқитынын аңғарамын. Бұл аудандық газетке деген тұрғындардың оң көзқарасын білдіреді.

Аудандағы елеулі жаңалықтарды жеткізіп отырған «Тіршілік тынысы» газетін аудан жұртшылығы ізденіп оқитынына сенімдімін.

Талғат ДҮЙСЕБАЕВ,
Сырдария ауданының әкімі
23 ақпан 2021 ж. 835 0