Теннисші Соня Жиенбаева әлемдік рейтингте жоғарылады
Қазақстанның үшінші ракеткасы Соня Жиенбаева WTA-ның жекелей сындағы әлемдік рейтингінде 70 сатыға көтерілді, деп хабарлайды Egemen.kz.Қазір Қазақстанның әйелдер арасындағы ең мықты теннисшісі Елена Рыбакина саналады. Ол WTA рейтингінде Беларусь өкілі Арина Соболенкодан кейін екінші орында тұр.
Қазақстанның тағы бір теннисшісі Юлия Путинцева (904 ұпай) бір саты төмендеп, рейтингтің 82-орнына жайғасты.
Жұптық сында Анна Данилина (6775 ұпай) алтыншы орнын сақтап қалды.










