Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№4 газет

18 қаңтар 2025 ж.

№3 газет

14 қаңтар 2025 ж.

№ 2 газет

11 қаңтар 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Юлия Галышева фристайлдан Әлем кубогында күміс жүлдегер атанды

Юлия Галышева фристайлдан Әлем кубогында күміс жүлдегер атанды


Қазақстандық спортшы Юлия Галышева фристайлдың могул дисциплинасы бойынша Әлем кубогының кезеңінде күміс жүлдеге қол жеткізді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

2017-2018 жылдар аралығында Әлем кубогының бір кезеңі Қытайдың Тайву қаласында өтті. Бұл сайыс нәтижесі 2022 жылғы қысқы Олимпиада бағдарламасына енеді.
Қазақстандық Юлия Галышева әр кезеңде нәтижесін жақсарта түсті. Бірінші квалификацияда ол 71,53 ұпай алған. Финалда ол 76,71 ұпаймен бесінші орынға тұрақтады. Соңғы финалда 77,79 ұпаймен барынша жақсы нәтиже көрсетті. Бұл нәтиже спортшыға күміс жүлде иеленуге мүмкіндік берді.
Бұл жарыста американдық Джоэлин Кауф 77,90 ұпаймен көшбасшы атанды. Ал үшінші орынға 77,64 ұпаймен канадалық Энди Науд табан тіреді.
21 желтоқсан 2017 ж. 1 217 0