Тоспадоп бәсекесі
«Дүниежүзілік сайлау күніне» орай аудан орталығындағы стадионда сайлау мамандары арасында волейболдан жарыс өтті. Аудандық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен жүзеге асқан спорттық іс-шараның ашылу салтанатына аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов, аудан әкімінің орынбасары Талғат Нұртазаев, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Ақтөре Ибрагимұлы, аудандық сайлау комиссиясының төрағасs Ермек Шайлан қатысты.Жарыстың ашылу салтанатында сөз алған аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов жиналған жұртшылықты «Дүниежүзілік сайлау күнімен» құттықтап, барлық командаға сәттілік тіледі.сөз алған аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов жиналған жұртшылықты «Дүниежүзілік сайлау күнімен» құттықтап, барлық командаға сәттілік тіледі.
– Бұл атаулы күн – демократиялық қоғамның негізгі тіректерінің бірі саналатын сайлау институтының маңызын айқындап, әр азаматтың ел басқару ісіне қатысу құқығын ұлықтайтын ерекше мереке. Сайлау– халық еркін білдірудің, әділдік пен ашықтық қағидатын орнықтырудың айқын көрінісі. Азаматтық белсенділік пен жауапкершілік, заң үстемдігін құрметтеу, қоғамдық келісімді нығайту – дамыған елдің басты белгісі. Осы тұрғыда сайлау үдерісіне саналы түрде қатысу қоғам тұрақтылығы мен ел бірлігін бекемдей түседі.
«Дүниежүзілік сайлау күні» демократиялық құндылықты насихаттаумен қатар, өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, әділ таңдау жасау ұстанымын орнықтыруға бағытталған. Бұл – болашаққа сеніммен қараудың, ел ертеңіне бейжай қарамаудың көрінісі. Өз кезегінде барша қатысушыларға сәттілік тілеймін, –деді Ержан Ертарғынұлы. Жарыс жолына шыққан әрбір топта сайлау қызметін жетілдіру жолында еңбек етіп жүрген мамандар болды. Күні бойы өзара мықтыны анықтаған әуесқой ойыншылар бірнеше елді мекеннен келген. Тартысты ойын өрнегін көрсете білген олар жеңіске жетуге бар күшін салды. Тоспадоп бәсекесінде алты топтың ішінен жүлделі ІІІ орынды – «Самғау», ІІ орынды – «Ұшқын», І орынды – «Тұран» командасы иеленді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді «AMANAT» партиясы аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Ақтөре Ибрагимұлы, аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің басшысы Марат Ерташов, аудандық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Гаухар Қонақбай құттықтап, арнайы марапаттады.
Б.ОРДАБЕКОВ











